ТЖБ «Әдебиеттік оқу» пәнінен 2 сынып 3-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
№ 2367, размещено 29-03-2021 4 980
0
File engine/modules/userbox.php is in the folder, which is available to write (CHMOD 777). For security purposes the connection files from these folders is impossible. Change the permissions on the folder that it had no rights to the write.
Написать автору
Әдебиеттік оқу» пәнінен 3-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары Тыңдалым және айтылым 1. Мәтінді мұқият тыңда. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер. • Бейбіт не үшін намыстанды? • Оның арманы не еді? • Бейбіт нені бұлжымас әдетке айналдырды? • Ол қай спорт түрімен әуестенді? • Спортпен айналысу Бейбітке қалай әсер етті?
Спортшы Бейбіт Бейбіт – сыныптағы балалардың ең кішісі, әрі нәзігі. Бұл дене шынықтыру сабағында байқалатын. Сапқа тұрғанда оқушылардың ең соңында қалатын. Оған өзі де намыстанатын. Тез өсіп, үлкен болу оның арманы еді. Ағасы аулаға турник орнатып берді. Бейбіт күн сайын турникке тартылып жүрді. Денесін шынықтыру, спортпен айналысу Бейбіттің бұлжымас әдетіне айналды. Үшінші сыныпқа келгенде бойы өсіп, қайраттана түсті. Жазда ол ауыл балаларымен бірге бокс үйірмесіне барып жүрді. Бокстасамын деп жүріп өзінен үлкен балалардан таяқ жеп қалған кездері де болды. Бірақ Бейбіт алған бетінен қайтпады. Бокс өнеріне деген ынтасы арта түсті.