ТЖБ Химия 7 сынып 3-тоқсан жауаптар
«Химия» 7 сынып 3-тоқсандық жиынтық бағалау
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.
«Химия» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы (5-9 сыныптар)
Берілгеннұсқакөптаңдауыбартапсырмаларды,қысқажәнетолықжауапты сұрақтарды қамтитын9тапсырмадан тұрады.
Көптаңдауы бар тапсырмаларға оқушылар ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрыс жауабын таңдау арқылы жауап береді.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға оқушылар есептелген мәні, сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда оқушыдан максималды балл жинау үшін тапсырманың шешімін табудың әр қадамын анық көрсетуі талап етіледі.
ТЖБ Химия 7 сынып 3-тоқсан жауаптар
«Химия» пәнінен 3-тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың тапсырмаларының үлгісі
1. Сілтілік металдардың периодтық кестедегі орнын көрсетіңіз.
A) 1-топтың негізгі топшасы
B) 1- период
C) 2-топтың негізгі топшасы
D) 2-период [1]
2. Кіші периодтарты көрсетіңіз.
A) 1,2,3 периодтар
B) 1,2 период
C) 4,5,6 –периодтар
D) 7-период [1]
3. Төмендегі заттарды табиғи қышқыл мен негізге (сілті) жіктеңіз.
1) алма
2) лимон шырыны
3) сабын
4) ас содасының ерітіндісі
Табиғи қышқыл
Негіз (сілті)
[2]
4. Заттардың әр түрлі ортадағы түстерін анықтаңыз.
Индикаторлар Орта
Қышқылдағы түсі Сілтідегі түсі
Әмбебап
Метилоранж
Фенолфталейн
[2]
5. Бос орынға сәйкес келетін сөзді қойыңыз.
Антацид дәрі-дәрмегін асқазандағы қыжылды басуға пайдаланады. Қыжыл асқазан
сөлінің құрамындағы тұз қышқылының мөлшерінің артуынан туындайды. Осы антацидті
дәрілердің құрамында қышқылды ___________________________ қосылыстар болады.
[1]
6 (a) Күкірт қышқылы«химия өнеркәсібінің наны» деп аталады. Оның формуласы H2SO4
Күкірт қышқылының салыстырмалы молекулалық массасын есептеңіз.
[1]
Cкaчaть документ