Тіркелгі жасаңыз
Педагогическая копилка » KAZ » ТЖБ 10-сынып Химия 2-тоқсан ҚГБ жауаптар

ТЖБ 10-сынып Химия 2-тоқсан ҚГБ жауаптар

12 ноя 2024, 16:58
KAZ / Химия kaz
13
0

«Химия» 10 сынып 2-тоқсандық жиынтық бағалау

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.

«Химия» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы (10-11 сыныптар)

Тапсырма түрлері:
КТБ– көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ– Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ– Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Берілгеннұсқакөптаңдауыбартапсырмаларды,қысқажәнетолықжауапты сұрақтарды қамтитын10тапсырмадан тұрады.
Көптаңдауы бар тапсырмаларға оқушылар ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрыс жауабын таңдау арқылы жауап береді.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға оқушылар есептелген мәні, сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда оқушыдан максималды балл жинау үшін тапсырманың шешімін табудың әр қадамын анық көрсетуі талап етіледі.
Оқушыныңматематикалық тәсілдерді таңдай алу және қолдана алу қабілеті бағаланады.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.

ТЖБ 10-сынып Химия 2-тоқсан ҚГБ жауаптар

Мысал үлгілері және балл қою кестеcі
«Химия» пәнінен 2-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Төменде берілген тотығу және тотықсыздану реакциясының теңдеуін электронды баланс әдісі
арқылы теңестірініз.
Cu + HNO3 → Cu(NO3)2 + NO + H2O
______________________________________________________________________________
[2]
2. (а) Төменде электролиз қондырғысын қолдану арқылы мыс қоспасынан таза мысты бөліп алу
схемасы көрсетілген.
1-сызбанұсқа
(і) Электролиз процесінде таза мыс түзілетін электродты атаңыз.
______________________________________________________________________________
[1]
(іі) Электролиз процесі аяқталған кезде әрбір электрод қалай өзгеретіндігін сипаттаңыз.
______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
[2]
(ііі) Электролиз процесі кезінде ерітіндідегі мыс(ІІ) ионынан мыс атомы түзіледі. Осы
процестің жартылай реакция теңдеуін жазып аталуын жазыңыз.
______________________________________________________________________________
[2]
(іv) Электролиз процесіне электролит ретінде мыс сульфатының ерітіндісін қолданады.
Мыс сульфатының сулы ерітіндісі электр тогын қалай өткізетіндігін түсіндіріңіз.
______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
[2]
3. Егер массасы 64 г мыс сульфатының сулы ерітіндісі электролизденетін болса қ.ж. қанша
көлем қандай газ түзілетіндігін анықтаңыз.
______________________________________________________________________________
[3]



Cкaчaть документ
Құжаттың толық нұсқасы сайтта қол жетімді, кейін
Регистрации или

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Мұғалімдерге арналған педагогикалық платформа

  • Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз КТЖ БЖБ ТЖБ ҰМЖ

Педагогикалық шеберлік саласында өз құзыреттерін арттыруға дайын педагогтар үшін тамаша шешім. Біз КТЖ (күнтізбелік жоспарлар), БЖБ (бөлімге жиынтық бағалау), ТЖБ (тоқсанға жиынтық бағалау), оқу материалын бір жылға тақырыптық жоспарлауды, БЖБ сабақ жоспарларын, сондай-ақ бөлімдер мен тоқсандар бойынша жиынтық бағалауды қоса алғанда, әртүрлі білім беру материалдарына қол жеткізуді қамтамасыз етеміз. Осы ресурстардың барлығы сіздің жұмысыңыздың тиімділігін арттыруға және оқушылардың оқу сапасын жақсартуға көмектеседі.