БЖБ Қазақ тілі Т2 6 сынып 3 тоқсан «Болашақ мамандықтары»
«Болашақ мамандықтары» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Қазақ тілі Т2 5 сынып 3 тоқсан (оқыту қазақ тілінде емес)
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 6-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілінде емес) пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар бастауыш сыныптың «Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілінде емес) пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийі мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Тапсырмалар мен рубрикалар ұсыныс түрінде берілген.
БЖБ Қазақ тілі Т2 6 сынып 3 тоқсан «Болашақ мамандықтары»
Бөлім «Болашақ мамандықтары»
Сөйлеу әрекетінің
түрлері
Оқу мақсаты
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Орындау уақыты
Тапсырма
Тыңдалым
Айтылым
6. 1.6.1 Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде шынайы
өмірмен байланыстырып жауап беру
6.2.2.1. Тақырып бойынша диалогті бастау, жалғастыру,
аяқтаудың ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын білу
• Мәтін мазмұнын өмірмен байланыстырады
• Тақырыпқа қатысты диалог құрауда сөз әдебі мен сөйлеу
этикеті формаларын қолданады
Қолдану
15-20 минут
Төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Жаңа ғасырдағы жаңа мамандықтар
ХХI ғасыр өмірге түрлі жаңалықтар енгізіп қанай қоймай, жаңа мамандықтарды да
ала
келді.
Адам баласы естіп-білмеген түрлі мамандықтар пайда болуда.
Ол негізінен ақпараттық технологиялардың тез дамуына, қызмет көрсету саласының
түрленуіне байланысты. Төменде келтірілген мамандық атаулары бірнеше жыл бұрын
қолданыста болмаған, олардын атын естігенде қазіргі күннің өзінде «Сонда ол маман немен
шұғылданады?» деген сауал туындайды. Бірақ дамып жатқан компаниялар бүгінде осындай
мамандар іздеп жүр. Сонымен, жаңа ғасырдың жаңа мамандықтарына тоқталайық:
бренд-менеджер - тауарды сатуды ғана емес, оның қалай өндірілетінін жақсы білетін
маман;
логистик - жүк тасымалын қадағалайтын маман;
промоутер - компанияның өнімін сату, жарнамалау және өткізу жұмыстарымен
шұғылданатын өкіл;
супервайзер - сауда өкілдіктерінің жұмысын қадағалайтын, жаңа бағыттарды
айқындайтын маман;
веб-мастер - сайт жасаумен шұғылданатын маман;
копирайтер - сайт үшін контент құрушы;
коучер - қызметшілердің потенциалын өсіретін маман;
интервьюер - әлеуметтік зерттеулер үшін сауалнама, сұхбат жүргізетін маман;
девелопер - жылжымайтын мүлік саласында, оны жобалау және құрылысын жүзеге
асырумен шұғылданатын маман;
сомелье - мейрамханада сусындардың таратылуына жауапты кәсіби маман;
джобер – оның жұмысы брокердің жұмысына ұқсайды, бірақ джобер акцияларды
сатып алуға және сатуға өз ақшасын жұмсайды;
рецепшеонист – тұтынушыларды қабылдау және келушілерді тіркеумен
шұғылданатын маман.
Тізімдегі мамандықтарға анықтама қысқаша ғана берілген. Шын мәнінде, айталық,
девелопердің жұмысы тек жоба жасап, оны сатумен ғана шектелмеуі мүмкін. Логистик те
Вступить группу