Coздaть aкaунт
Педагогическая копилка » KAZ » БЖБ Қазақ тілі (Т1) 4-сынып 4-тоқсан жауаптары «Болашаққа саяхат»

БЖБ Қазақ тілі (Т1) 4-сынып 4-тоқсан жауаптары «Болашаққа саяхат»

27 окт 2024, 22:36
KAZ / 4 сынып
1
0

«Болашаққа саяхат» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 

«Қазақ тілі (Т1)»  4-сынып 4-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 4-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі (Т1)» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Қазақ тілі (Т1)» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.

БЖБ Қазақ тілі (Т1) 4-сынып 4-тоқсан жауаптары

«Болашаққа саяхат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің түрлері Оқылым
Жазылым
Оқу мақсаты 4.2.4.1 Мәтіннің тақырыбы мен мазмұнының өзара
сәйкестігін анықтау және ондағы негізгі ойды
тұжырымдау
4.2.5.1* Дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте,
диаграмма) қажетті ақпараттарды табу, кездескен жаңа
сөздердің мағынасын мәнмәтін бойынша анықтап,
ақпаратты қорытындылау, бағалау
4.3.2.1 Тірек сөздерді қолданып белгілі бір стильде мәтін
(мақала, мінездеме,сұхбат) жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіннің негізгі ойын анықтап, тақырыппен
сәйкестендіреді
• Мәнмәтін арқылы сөздердің мағынасын түсіндіреді
• Тірек сөздер арқылы кейіпкерге мінездеме береді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
1-тапсырма
Мәтінді түсініп оқы.
Мен өзiм түсiнбейтiн сөздi әрқашан көкемнен сұрап аламын. Мұндай сұрақтарыма көкем
де ерiнбей жауап бередi. Бiр күнi:
– Көке, Болашақ деген кiм? – деп сұрадым.
– Болашақ – бiздiң туысқанымыз, – дедi ол.
–Туысқан болса, үйiне неге қонақка бармаймыз? Көкем күлдi.
– Барамыз. Ертең түстен кейiн жолдастарынды ертiп кел, мен сендердi Болашақтың
ауылына алып барайын, – дедi арқамнан қағып.
Ертесiне балаларды түгел жинап келдім. Оқтай түзу көшемен тауға қарай ызғытып
келемiз. Көп ұзамай таудың iшiндегi қалың баққа келдік. Алма, өрiк, түрлi жемiс-жидек тұнып
тұр екен.
– Мiне, балалар, Болашақтың ауылына келдiк. Ал, Болашақ осы таудың басында тұрады.
Анау тауды бұзып жүрген жұмысшылар Болашақтың үйiне қарай жол салып жатыр. Сол жол
бiткенде мен сендердi тура Болашақтың өз үйiне алып барамын. Ал қазір қолдарыңа шелек
алыңдар да, жерге түскен алманы терiп, мына жерге үйiңдер. Болашақтың салты бойынша
жинап жүрiп алма жеуге болмайды. – дедi.
Қалың ағашқа кiрдiк те кеттiк. Қып-қызыл алмаларды шелекке салғың келмейдi, жеуге
және болмайды. Ой, көзiм қызып әрең жүрмiн. Амал жоқ, жинап жатырмыз. Бiр кезде мен
шыдамай кеттiм. Жұрттың көзiн ала берiп, қызыл сары алманың бүйiрiнен бiр тiстеп алдым.
Мұнымды көкем байқап қалыпты.
– Сен Болашаққа келмей жатып ұрлық iстедiң. Ол ұрлықшы баланы ұнатпайды. Енді осы
жерде тапжылмай тұр, – дедi қабағын түйiп. Мен өз ісіме қатты өкіндім. Сәлден соң көкем
балаларды шақырып алды.
– Ендi алманы тойғандарыңша жеңдер. Қалағандарыңша алыңдар, – дегенi. Олар отыра
қалып алма жей бастады. Мен тамсанып тұрмын. Біраздан соң көкем маған да рұқсат берді.
Ауылға қайтып келемiз. «Шiркiн, Болашақ қандай ғажап адам! Титтей еңбек iстесең,
дүниенiң алмасын жейдi екенсiң. Менiң алма жеп қойғанымды Болашақ ағай естiсе, ұят
болатын болды. Болашаққа баратын жол тезiрек бiтсе екен.
Сол Болашақтан жаңағы iстеген әбестiгiм үшiн кешiрiм сұраймын», – деп ойлап келемін



Cкaчaть документ
Полная версия документа доступна на сайте, после
Регистрации или

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.