Тіркелгі жасаңыз
Педагогическая копилка » KAZ » БЖБ Қазақ тілі 8-сынып 2-тоқсан жауаптар «Кәсіп пен еңбек. Болашақ мамандықтары. Лексика»

БЖБ Қазақ тілі 8-сынып 2-тоқсан жауаптар «Кәсіп пен еңбек. Болашақ мамандықтары. Лексика»

02 ноя 2024, 21:52
KAZ / Қазақ тілі және әдебиет
83
0

«Кәсіп пен еңбек. Болашақ мамандықтары. Лексика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Қазақ тілі» 8-сынып 2-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 8-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектептің (5-9-сыныптары) «Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.

БЖБ Қазақ тілі 8-сынып 2-тоқсан жауаптар «Кәсіп пен еңбек. Болашақ мамандықтары. Лексика»

Бөлім «Кәсіп пен еңбек. Болашақ мамандықтары. Лексика»
Оқу мақсаты8.1.5.1перифразтүріндеберілгенсұрақтарарқылы
мәтіннен қажетті ақпаратты таба білу, көтерілген мәселе
бойынша ой тұжырымдау
Бағалау критерийіБілім алушы
Сұрақтарға мәтін ақпараты бойынша жауап береді
Көтерілген мәселе бойынша ой қорытады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары ойлау дағдылары
Орындау уақыты15-20 минут
Тапсырма
1. Мәтінді мұқият тыңдаңыз жәнесұрақтарға жауап беріңіз.
Сұрақтар:
1)Неге түлектер қажетті кәсіп түрлерінен хабарсыз?
2)Бұл проблема қалай шешімін таппақ?
3)Салтанат неліктен бос жүр?
4)Неге ЖОО-нын бітірген жастардың жұмыс жасауға ниеті жоқ?
Мектеп түлектеріне мамандық таңдауда бағыт-бағдар беретін нұсқаулық Қазақстанда
жоқ. Сол себептен жастар бүгінде қандай мамандықтың сұранысқа ие екенінен бейхабар.
Олар жыл сайын қай мамандықтың қажетсіз деп танылғанын, жойылып кеткенін,
заман талабына сай қандай жаңа мамандықтардың пайда болып жатқанын білмейді деуге
болады.
Енді бұл мәселе шешіледі. Алдағы бес жылда сұранысқа ие болатын жаңа 100
мамандық жайлы энциклопедия жарық көреді.
Салтанат бір жылдан бері мамандығы бойынша жұмыс таба алмай жүр. Ол жоғары
оқу орнын биология пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдаған.
– Өзім таңдадым. Мамандығымды жақсы көремін. Бірақ болашақта сұранысқа ие
бола ма, жоқ па, оны ойламаппын. Ауыл мектебін бітіргендіктен шығар, көп мамандық
түрлері барын білмеппін. Оқуды бітірген кезде мамандығыма сай тез жұмыс табамын деп
ойлағанмын. Бірақ, міне, бір жыл болды, әлі жұмыссызбын. Түйіндемемді арқалап қанша
жерге бардым. Мектептерде бұл пән бойынша орын толық, сағат жоқ деп шығарып
салады. Енді басқа саладан жұмыс іздестіруді ойлап отырмын, – дейді Салтанат.
Қазақстанда жоғары оқу орындарында таңдау көп. Алайда жас түлектердің көпшілігі
тегін оқу деп жаны қалайтын мамандық бойынша оқуға түспейді. Қалаған мамандығын
меңгермеген соң, қолында дипломы болғанымен, жұмыс істеуге құлқы болмайды.
«Ұрпақ тағдыры – білім» қозғалысының жетекшісі Ерсайынның есебінше, мектеп
бітірушілердің 20-30 пайызы ғана мамандықты дұрыс таңдайды.
Тағы бір үлкен проблема: қолына диплом алғандардың 90 пайызы өз мамандығына
сай жұмыс таба алмайды.
Қазақстандамамандықтарғаталдаужасалмайды.Алтүлектертекгрантқаие
болуды ойлайды. Ол мамандыққа сұраныс бар ма, бітірген соң жұмыс таба алады ма, оны
ойламайды.Мектептердекәсіптікбағдарберужағы
қарастырылмағандықтан,оқушылардың қолында мамандықтар туралы ақпарат жоқ, түк
хабарсыз.
Арнайы зерттеу жүргізбедік, бірақ жылда жоғары білім алған жастардың 10-20
пайызы ғана өз мамандығымен жұмысқа тұратыны шындық. Қалғаны ақша табу үшін
құрылысқа, күзетке орналасады, – дейді Ерсайын.
2.Ерсайынның пікірінше, оқу бітірген жастардың көп бөлігінің өз мамандығы бойынша
еңбек етпеуінің себебі неде?Төрт сөйлеммен өзойыңыздытұжырымдаңыз.
1)Менің ойымша...


Cкaчaть документ
Құжаттың толық нұсқасы сайтта қол жетімді, кейін
Регистрации или

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Мұғалімдерге арналған педагогикалық платформа

  • Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз КТЖ БЖБ ТЖБ ҰМЖ

Педагогикалық шеберлік саласында өз құзыреттерін арттыруға дайын педагогтар үшін тамаша шешім. Біз КТЖ (күнтізбелік жоспарлар), БЖБ (бөлімге жиынтық бағалау), ТЖБ (тоқсанға жиынтық бағалау), оқу материалын бір жылға тақырыптық жоспарлауды, БЖБ сабақ жоспарларын, сондай-ақ бөлімдер мен тоқсандар бойынша жиынтық бағалауды қоса алғанда, әртүрлі білім беру материалдарына қол жеткізуді қамтамасыз етеміз. Осы ресурстардың барлығы сіздің жұмысыңыздың тиімділігін арттыруға және оқушылардың оқу сапасын жақсартуға көмектеседі.