Coздaть aкaунт
Педагогическая копилка » RUS » БЖБ Қазақ тілі Т2 6 сынып 3 тоқсан «Қазақстан және Ұлы Жібек жолы»

БЖБ Қазақ тілі Т2 6 сынып 3 тоқсан «Қазақстан және Ұлы Жібек жолы»

30 окт 2024, 22:09
RUS / Казахский язык и литература Т2
1
0

«Қазақстан және Ұлы Жібек жолы» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

Қазақ тілі Т2 5 сынып 3 тоқсан (оқыту қазақ тілінде емес)

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 6-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілінде емес) пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар бастауыш сыныптың  «Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілінде емес) пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийі мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Тапсырмалар мен рубрикалар ұсыныс түрінде берілген. 


БЖБ  Қазақ тілі Т2 6 сынып 3 тоқсан «Қазақстан және Ұлы Жібек жолы»

Бөлім «Қазақстан және Ұлы Жібек жолы», «Жер байлығына аяулы көзқарас», 
«Олимпиада жеңімпаздары – Қазақстан мақтанышы» 
Сөйлеу әрекетінің 
түрлері 
Оқу мақсаты 
Бағалау критерийі 
Ойлау дағдыларының  
деңгейі 
Орындау уақыты 
Тапсырма 
Оқылым 
Жазылым 
6.3.3.1. Орта көлемді шығармаларды түсіну, тақырыбы мен негізгі 
ойды анықтау 
6.4.4.1. Мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша 
постер, сызба-кестелер жасау 
• Мәтін мазмұнына сай  тақырып қояды, негізгі ойды анықтайды 
• Тақырып бойынша мәліметтерді  жинақтап, постер, сызба
кесте жасайды 
Қолдану 
15-20 минут 
Төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. 
Ұлы Жібек Жолы – Қытай жерінен басталып, Қиыр Шығыс пен Еуропа елдеріне беттеген 
керуен жолы. Бұл жолдың басым бөлігі Орта Азия мен Қазақстан жерінің үстімен өтті. Жібек 
Жолы б.з.д III ғасырда сауда магистралі ретінде пайда болып, XVI ғасырға дейін қызмет етті. 
Жібек Жолының бойында орналасқан көне қалалар бірталай соғыс, өрт, аштық, апат
ойрандардың куәсі болды. Ұлы Жібек Жолы арқылы тек сауда жүйесі дамып қана қоймай, 
Шығыс пен Батыс өркениеті тоғысып, мәдениет және дипломатиялық қарым-қатынас 
орнады. VI-VII ғасырларда Қытайдан бастау алған керуен Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан 
даласын кесіп өтетін. Отырар, Тараз, Сайрам (Испиджаб), Түркістан (Яссы), Суяб, Баласағұн 
секілді  көне қалалар тек сауда ғана емес, мәдениет және ғылым орталықтары болды. 
Ертеде Тараз қаласындағы сауда базарын көргендер «Тараз базары – әлем айнасы» 
дейтін. Себебі бұл жақта кез келген дүниені айырбастауға, сату мен сатып алуға болатын. 
Мыстан жасалған тұрмыстық бұйымдар мен қару-жарақтар, киім-кешек пен ер-тұрмандар 
саудаға түсетін. Отырар алқабына жүз елуден астам кішкентай қалалар кіретін. Бұл елді 
мекен қорған сарайларға бай болатын. Саудамен қатар, бұл аймақта білім мен ғылым саласы 
дамыды. Түркістан (Яссы) ертеден «екінші Мекке» деп аталып кеткен. Бүгінгі таңда көне 
қала әлемдік туризм орталығына айналды. Суяб пен Баласағұн қалаларында жыл сайын кең 
көлемде сауда жәрмеңкелері өткізілетін. Әртүрлі елден жиналған саудагерлер бас қосып, 
сауда қарым-қатынасын орнататын. 
1. Берілген ақпараттардың ішінен мәтін мазмұнына сай келетін 2 дұрыс тұжырымды 
анықтаңыз. 
Ақпараттар 
Дұрыс 
Бұрыс 
Көне Түркістан қаласы қазір туризм аймағы.    
Жібек жолы - Батыс пен Шығыстың арасын 
жалғаған сауда жолы. 
Отырар базарларында тауарларды сатуға, 
айырбас жасауға болады.



Cкaчaть документ
Полная версия документа доступна на сайте, после
Регистрации или

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.