БЖБ 10-сынып Алгебра, 2-тоқсан ЖМБ жауаптар «Тригонометриялық теңсіздіктер»
«Тригонометриялық теңсіздіктер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Алгебра 10-сынып 2-тоқсан (жаратылыстану-математика бағыты)
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 10-сынып білім алушыларына «Алгебра және анализ бастамалары» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету
деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныста бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. Әдістемелік ұсыныс мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
БЖБ 10-сынып Алгебра, 2-тоқсан ЖМБ жауаптар «Тригонометриялық теңсіздіктер»
«Тригонометриялық теңсіздіктер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Тригонометриялық теңсіздіктерді шешу
Оқу мақсаты 10.2.3.17 Қарапайым тригонометриялық теңсіздіктерді
шеше алу
10.2.3.18 Тригонометриялық теңсіздіктерді шеше алу
Бағалау критерийі Білім алушы:
Тригонометриялық теңсіздікті графиктік әдіспен
шешеді
Тригонометрия формулаларын пайдаланып,
тригонометриялық теңсіздікті шешеді
Квадрат теңсіздікке келтірілетін тригонометриялық
теңсіздікті шешеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 25 минут
Тапсырма
1. Координаталық жазықтықта 𝑓(𝑥) = sin 𝑥 + 1 және 𝑔(𝑥) = 1 функцияларының
графиктері бейнеленген.
Графикті пайдаланып, 𝑓(𝑥) > 𝑔(𝑥) теңсіздігінің жауабын барлық нақты сандар үшін
жазыңыз.
2. Теңсіздікті шешіңіз: cos 𝑥 𝑠𝑖𝑛 𝜋
8
− sin 𝑥 cos
𝜋
8
> 0.
3. Теңсіздікті шешіңіз: 𝑡𝑔2𝑥 − (1 + √3) 𝑡𝑔𝑥 + √3 < 0.
Cкaчaть документ