Тіркелгі жасаңыз
Педагогическая копилка » KAZ » БЖБ Физика 9-сынып 3-тоқсан жауаптар «Сақталу заңдары»

БЖБ Физика 9-сынып 3-тоқсан жауаптар «Сақталу заңдары»

08 ноя 2024, 21:16
KAZ / Физика kaz
4
0

«Сақталу заңдары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Физика» 9-сынып 3-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 9-сынып білім алушыларына «Физика» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға
мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныста бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Әдістемелік ұсыныс мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған

БЖБ Физика 9-сынып 3-тоқсан жауаптар «Сақталу заңдары»

«Сақталу заңдары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаттары 9.2.3.1 - дене импульсі мен күш импульсін ажырату
9.2.3.2 - импульстің сақталу заңын тұжырымдау және
есептер шығаруда қолдану
9.2.3.5 - механикалық жұмысты аналитикалық және
графиктік тәсілдермен анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы:
 Дене импульсі мен күш импульсін ажыратады
 Импульстің сақталу заңын есептер шығаруда
қолданады
 Механикалық жұмысты графиктік тәсілдермен
анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Қолдану
Орындау уақыты 25 минут
Тапсырмалар
1. (а) Дене импульсі неліктен векторлық шама екендігін сипаттап жазыңыз.
(b) Жеңіл автокөліктің алдыңғы бөлігі соққы кезінде деформацияға ұшырайтындай
етіп жасалынады.
Массаы 1200 кг болатын жеңіл автокөлікті сынақтан өткізу барысында бетоннан
жасалған қабырғаға соқтығысқаны көрсетілген.
Сынақтан өткізу барысында жазып алған бейнекөрініс арқылы жеңіл автокөлік пен
бетоннан жасалған қабырға арасындағы соққы 0,36 с созылғандығы анықталды.
Соқтығысқанға дейінгі жеңіл автокөліктің жылдамдығы 7,5 м/с. Соққы абсолют серпімді.
Жеңіл автокөлік импульсінің өзгерісін анықтаңыз.
2. Боулинг шары 3 с бойы домалап келіп кегелге тиеді.
Графикте боулинг шарының жылдамдығының уақытқа тәуелділігі көрсетілген.



Cкaчaть документ
Құжаттың толық нұсқасы сайтта қол жетімді, кейін
Регистрации или

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Мұғалімдерге арналған педагогикалық платформа

  • Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз КТЖ БЖБ ТЖБ ҰМЖ

Педагогикалық шеберлік саласында өз құзыреттерін арттыруға дайын педагогтар үшін тамаша шешім. Біз КТЖ (күнтізбелік жоспарлар), БЖБ (бөлімге жиынтық бағалау), ТЖБ (тоқсанға жиынтық бағалау), оқу материалын бір жылға тақырыптық жоспарлауды, БЖБ сабақ жоспарларын, сондай-ақ бөлімдер мен тоқсандар бойынша жиынтық бағалауды қоса алғанда, әртүрлі білім беру материалдарына қол жеткізуді қамтамасыз етеміз. Осы ресурстардың барлығы сіздің жұмысыңыздың тиімділігін арттыруға және оқушылардың оқу сапасын жақсартуға көмектеседі.