БЖБ Жаратылыстану 6-сынып 4-тоқсан жауаптары «Әлемді өзгертетін жаңалықтар»
«Әлемді өзгертетін жаңалықтар» бөлім бойынша жиынтық бағалау
«Жаратылыстану» 6-сынып 4-тоқсан
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 6-сынып Білім алушыларына "Жаратылыстану" пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) 6-сыныптың "Жаратылыстану" пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге Білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған Оқу мақсатына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта Білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
БЖБ Жаратылыстану 6-сынып 4-тоқсан жауаптары «Әлемді өзгертетін жаңалықтар»
6.4В «Әлемді өзгертетін жаңалықтар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 6.7.1.1 Әлемді өзгерткен жаңалықтардың маңызын
талқылау
6.7.1.2 Жаратылыстану ғылымдарын дамытуда
қазақстандық ғалымдардың үлесін талқылау
6.7.1.3 Ғылыми зерттеулердің бағыттарының
болашақтағы дамуына болжам жасау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Ғылыми жаңалықтарға талдау жасайды
• Қазақстандық ғалымдардың ғылым саласындағы
үлестерін сипаттайды
• Ғылыми мәселелерді шешу бойынша ұсыныс
жасайды
• Ғылыми жаңалықтардың маңызын сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. Америкалық өнертапқыш Сэмюэль Морзе 1844 жылы өзі ойлап тапқан әдіс көмегімен
алғашқы хабарламаны жіберген. Морзе әдісі қазіргі кездегі технологиядағы қандай
саланың дамуының бастамасы болды деп ойлайсыз?
2. Адамдардың оттың алыну жолын ойлап табуы әлемдегі маңызды жаңалық бола
алатынындығына дәлелдер келтіріңіз.
3. Геолог-ғалым, профессор, академик Қаныш Сатпаевтың Қазақстан ғылымының
дамуына қосқан үлесі қандай? Қазіргі кезеңде ол қаншалықты маңызды?
4. Қазіргі кездегі ауқымды мәселелердің бірі еліміздің жасыл экономикасын сақтау,
дамыту болып табылады. Алдағы уақытта осы мәселелерді шешілуі үшін қандай
ұсыныстар жасар едіңіз?
5. Ғылым мен техника саласында ашылған жаңалықтардың адамдардың өмір сүру
жағдайына қандай әсері болады деп ойлайсыз? Мысалдар келтіріп, өз ойыңызды
түсіндіріп жазыңыз.
Cкaчaть документ