БЖБ Қазақ тілі, 6-сынып 1-тоқсан жауаптары «Қазақстандағы көрікті жерлер. Лексикография»
«Қазақстандағы көрікті жерлер. Лексикография» бөлім бойынша жиынтық бағалау
«Қазақ тілі Т1» 6 сынып 1-тоқсан
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 6-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде)» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектептің (5-9-сыныптары) «Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
БЖБ Қазақ тілі, 6-сынып 1-тоқсан жауаптары «Қазақстандағы көрікті жерлер. Лексикография»
Оқу мақсаты6.1.1.1 мәтіннің атауын талқылау және алғашқыбөлігін
тыңдау арқылы көтерілетін мәселені болжау
Бағалау критерийіБілім алушы
•Мәтіннің ататуын талқылайды
•Алғашқы бөлігін тыңдап, мәселені болжайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты15-20 минут
Тапсырма
1.Мәтіннің атауын жұпта талқылаңыз. Мәтіннің алғашқы бөлігін мұқият тыңдап, қалған
бөлігінде көтерілген мәселені болжаңыз.
Оқжетпес туралы аңыз
Көкшетауға ат басын бұратын көптеген саяхатшылардың қызығушылығын оятатын
нәрсе-табиғаттыңкөзтартарсұлулығы.СоныңішіндеБурабайдағы«Оқжетпес»
тасыныңжөнібөлек,атауыныңөзібіререкше.Жылсайындемалуғабарып
жүргенімізбен, сол «Оқжетпес» жартасының қалай біткені жайында біле бермейміз әрі
мән де бермейміз.
Ал аңыз былай дейді:
____________________________________________________________________
Бурабай дейтін елді мекенде кезінде Оқжетпес атты баһадүр өмір сүрген. Оқжетпес
туа салып күн сайын емес сағат сайын өсіп, жетіле берген. Тіпті бойы тоқтаусыз өскен.
Балакүніндедаладаойынқуыпжүрсе,қасындағыбалалардыңатқансадағыоның
кеудесіне әрең жеткен. Бойы ұзын, өзі батырдың тірі кезінде елде абыройы асқақ болады.
Жаугершілік заман келіп, күн артынан күн өтіп жаумен шайқасады. Ол әр күн сайын
жаудың бетін қайтарып, елін аман сақтап отырған. Жарақат алса, жарасын сол көлдің
бойында емдеп, Бурабайдың ауасымен тыныстаған. Дәл сондай күннің бірінде ол жауға
қарсы соғысады. Соғыс ұзақ күндерге созылады. Жаудың беті қайтар емес. Тіпті жау
санында есеп жоқ. Айларға созылған соғыстың салдарынан Оқжетпес шаршап, түнде
тынығып жатқан кезінде жау тыңшылары сырын біліп, үстінен бас салады. Бірақ алып
денелі батыр оған да көнбей орнынан сілкіне тұрып тағы соғысады. Тек ең ақырында әлі
кетіп, ақыры демі бітті-ау деген кезде, Оқжетпес қатты даусымен: «Уа, Тәңірім, мені жау
қолынан өлтіріп, ұятқа қалдырғанша, тасқа айналдыр» десе керек, лезде аспан айналып
жерге түскендей күй тұнып, Оқжетпес сол жерде жартасқа айналып кеткен. Бұл аңыздың
бір түрі ғана. Жалпы Бурабайдағы түрлі ескерткіштерге қатысты көптеген аңыздар бар.
Аңыздың өзі ертегі емес, шындыққа жанасатын жанрдың түрі екенін ұмытпаңыз.
2.Берілген сұрақтарға тыңдалған мәтіннен дәлелдер келтіре отырып, жауап беріңіз.
1)Батыр бала күнінде қандай болған?
2)Батыр алған жарақатын қалай емдеген?
3)Оқжетпес қалай тасқа айналған?
4)Бастапқы болжамың түпнұсқаға сәйкес келді ме? Қай тұстары?
Cкaчaть документ