БЖБ Қазақ тілі, 6-сынып 3-тоқсан жауаптары «Су – тіршілік көзі. Қазақстандағы өзен-көлдер. Морфология»
«Су – тіршілік көзі. Қазақстандағы өзен-көлдер. Морфология» бөлім бойынша жиынтық бағалау
«Қазақ тілі Т1» 6 сынып 3-тоқсан
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 6-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде)» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектептің (5-9-сыныптары) «Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
БЖБ Қазақ тілі, 6-сынып 3-тоқсан жауаптары «Су – тіршілік көзі. Қазақстандағы өзен-көлдер. Морфология»
спорт жұлдыздары. Морфология»
Оқу мақсаты6.1.5.1тыңдалғанмәтінмазмұныбойыншажалпыжәне
нақты сұрақтарға жауап беру, мәтіндегі ақпаратты шынайы
өмірмен байланыстыру
Бағалау критерийіБілім алушы
•Мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты
сұрақтарға жауап береді
•Ақпаратты шынайы өмірмен байланыстырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты15-20 минут
Тапсырма
1.Мәтінді тыңдап,сұрақтарға жауап беріңіз.
Сұрақ:
1)Серік Қонақбаевтың Қазақстанның спорт саласын дамытудағы рөлі қандай деп
ойлайсың?
2)Спортсаласындаүлкенжетістіктергежетуүшінадамныңбойындақандай
қасиеттер болуы керек?
3)Серік Қонақбаевтың спорттағы жолы қалай басталды?
4)Серік Қонақбаев спорт саласындағы қандай атақтардың иегері?
5)Серіктің атын әлемге танытқан қандай жеңіс болды?
6)Серік Қонақбаевтың спорттағы жетісіктері бұл салаға қызығушылық танытатын
жастарға қалай ықпал етеді?
Былғары қолғап шебері
Қонақбаев Серік Керімбекұлы 1959 жылы 25 қазан күні Павлодар қаласында дүниеге
келген. Әкесі Қонақбаев Керімбек техника ғылымының кандидаты. Шешесі Қонақбаева
Балтуған Темірғалиқызы мұғалім болған. Қазақтың атын күллі әлемге танытқан Серік
ағамыз КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері атағын 1981 жылы еншілеген. Былғары
қолғап шеберіміз Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын 1981 жылы аяқтаса,
қазіргі Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясын 1984 жылы бітіріп, маман иесі
болған.1999жылыХалықаралықХ.А.ЯссауиатындағыҚазақ-Түрікуниверситетінің
заңгер-құқықтанушы мамандығын бітірген. Серік Қонақбаев бокспен 14 жасынан бастап
айналысабастады.Спортшыныңатақтарынакелетінболсақ,олКСРОхалықтар
спартакиадасыныңжәнеКСРОчемпионатыныңкүмісжүлдегері,екімәртеЕуропа
чемпионы, әлем кубогінің иегері. Дәл сол жылы әлемнiң ең үздiк боксшысы деген атақ
Серiк Қонақбаевқа бұйырған. Әлем кубогінің иегері Мәскеуде өткен ХХІІ Олимпиада
ойындарыныңкүмісиегері(1980),Әлемчемпионатыныңкүмісжүлдегері,КСРО
чемпионы. Мәскеу Олимпиадасынан кейін жастардың боксқа деген қызығушылығы артып,
Серік Қонақбаев оқыған Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтындағы бокспен
айналысатын студенттердің саны 40-тан 600-ге дейін өсті. Бұл қазақ боксының дамуына
үлкен ықпал етті. 1981-1987 жылдары Серік Керімбекұлы бапкерлік жұмыстар атқарып,
коммерциялық «Қазақстан» спорт клубының, ҚР кәсіпқой бокс Федерациясының, ҚР
президенті жанындағы ұлттық спорт қорының президенті болды. Ол қазір қазақ туризм
және спорт академиясының профессоры. Серік Қонақбаевтың есімі қазақ бокс тарихында
алтын әріппен жазылған.
2. Дос, туыстарыңыздың арасында бокспен айналысатын адамдар бар ма? Олар туралы не
айта аласыз?
Cкaчaть документ