Coздaть aкaунт
Педагогическая копилка » RUS » БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті, 5-сынып 2-тоқсан «Су – тіршілік көзі»

БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті, 5-сынып 2-тоқсан «Су – тіршілік көзі»

29 окт 2024, 21:24
RUS / Казахский язык и литература Т2
23
0

«Су – тіршілік көзі» бөлім бойынша жиынтық бағалау

«Қазақ тілі мен әдебиеті Т1» 5 сынып 2-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 5-сынып білім алушыларына ««Қазақ тілі мен әдебиеті»(оқыту қазақ тілінде емес) пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектептің (5-9-сыныптары) «Қазақ тілі мен әдебиеті»(оқыту қазақ тілінде емес)пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың  мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.


БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті, 5-сынып 2-тоқсан «Су – тіршілік көзі»

 

Оқу мақсаты

 

5.3.3.1 Фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби шығармаларды түсіну, тақырыбын анықтау

5.4.5.1.Жазба жұмыстарында жалғаулардың ерекшелігін ескеріп, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай дұрыс жазу; сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану

 

Бағалау критерийі

 

 

 

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

  • Әдеби мәтіннің тақырыбын анықтайды

  • Орфографиялық норманы сақтайды, тыныс белгілерін орынды қолданады

 

Білу және түсіну

 

 

Орындау уақаты

 

15-20 минут

 

1-тапсырма

Мәтінді мұқият оқып, мәтін мазмұнына сай берілген дұрыс ақпараттарды ажыратыңыз.

 

Бұрынғы заманда малға өте бай бір ел болыпты. Бұл жердің тұрғындарының: «Біздің отбасымыз бен малымызды қорғайтын батырымыз болса екен», - деген жалғыз  армандары болыпты.

Күндердің күнінде бір отбасында алып бала дүниеге келеді. Ел-жұрт жиналып, үлкен той жасайды. Балаға Толағай деп ат қояды. Сол нәресте жыл сайын емес, күн сайын ержете бастайды. Бір жылы жаңбыр жаумай, шөп шықпай, малдар қырыла бастайды. Халықтың басына түскен қиындықты уайымдаған Толағай Дана деген ақсақалға барып, ақыл сұрапты. Сонда қарт айтқан екен:

Толағай, біздің жерімізде тау жоқ, бұлт келмейді. Сондықтан жаңбыр жаумайды, - дейді.

Толағай:

– Ата, сіз рұқсат етсеңіз, бір жерден тау арқалап алып келсем бола ма? дейді.

Қарт Толағайға риза болып, рұқсатын береді.

Арада ай өтеді, жыл өтеді. Бір күні Толағай Тарбағатай тауына жетіп, төменде орналасқан кішірек тауды арқасына салып алады. Арада біраз уақыт өткен соң, Толағай әлсірей бастайды. Ауылына жақындап қалғанда тізесі бүгіліп, құлап түседі. Еліне жаңбыр сыйлаған батыр осылай таудың астында мәңгі ұйқыға кетеді.

Содан бері ол тауды ел «Толағай» деп атап кетіпті. Жаңбыр жауған сайын жұрт Толағайды есіне алады екен. 

 

 

Ақпараттар

+ дұрыс

  • - бұрыс

Дәулетті елді мекендеушілердің  бір ғана арманы болған екен.

+

 

Елінің жағдайын ойлаған Толағай анасынан ақыл сұрапты.

 

-

Қарттың айтуынша, бұл аймақта биік таулар болмағандықтан, жауын жаумайды.

+

 

Толағай Тарбағатайдың етегінде орналасқан тауға бір айда жетеді.

 

-

Толағай  тауды ауылына жеткізе алмай қалады.

 

-

 

2-тапсырма

Мәтіннің негізгі тақырыбын анықтаңыз.

  _______________________________________________

 

3-тапсырма

  Мәтіндегі тірек сөздерді табыңыз. 

 

Мәтіндегі тірек сөздер (5 сөз)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4-тапсырма 

Тірек сөздерді қатыстыра отырып, «Судың адам өміріндегі маңызы» тақырыбында шағын мәтін жазыңыз. Тыныс белгі мен орфографиялық нормаға сай жазуға тырысыңыз.

 




🌟 ВНИМАНИЕ 🌟
✳️ Чтобы скачать документы, нужно вступть в группу Telegram.
Вступить в группу
Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.