БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті, 5-сынып 1-тоқсан «Отбасындағы дәстүр мен мерекелер»
«Отбасындағы дәстүр мен мерекелер» бөлім бойынша жиынтық бағалау
«Қазақ тілі мен әдебиеті Т1» 5 сынып 1-тоқсан
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 5-сынып білім алушыларына ««Қазақ тілі мен әдебиеті»(оқыту қазақ тілінде емес) пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектептің (5-9-сыныптары) «Қазақ тілі мен әдебиеті»(оқыту қазақ тілінде емес)пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті, 5-сынып 1-тоқсан «Отбасындағы дәстүр мен мерекелер»
Оқу мақсаты |
5.1.2.1 Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты анықтау 5.2.5.1 Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу
|
||||||||||||||||||
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі |
Білім алушы
Білу және түсіну Қолдану |
||||||||||||||||||
Орындау уақыты |
15-20 минут |
||||||||||||||||||
1-тапсырма Мәтінді 2 рет мұқият тыңдап, кестедегі ақпараттардың дұрыс немесе бұрыс екенін анықтаңыз. |
|||||||||||||||||||
Мақсаттың атасы әбден қартайды. Аяғы жүруден, көзі көруден, құлағы естуден қалды. Аузындағы тістерінің барлығы түсіп қалғандықтан, ішкен асы аузынан ағып кететін де кездері болды. Ұлы мен келіні атасын отбасымен бірге үстел басына отырғызбай, тамағын бөлмесіне тасып беріп жүрді. Бірде келіні көжені шыны аяққа құйып әкелген еді. Қарттың қолы дір-дір етіп, ыдысты жерге түсіріп алды. Ашуланған келіні: «Үйдегі барлық шыны аяқты сындырып бітірдіңіз! Бұдан былай сізге барлық тамақты итаяққа құйып беретін боламын!» - деп ұрысты. Бір күні ерлі-зайыптылардың ағашпен ойнап отырған ұлдарына көзі түсті. Әкесі: «Не істеп отырсың, Мақсат?» - деп сұрады. «Сендер қартайғанда тамақ құйып беретін итаяқ жасап отырмын. Атам сияқты сендерді де жеке бөлмеде тамақтандыратын боламын», - деді Мақсат ата-анасына қарап. Мақсаттан бұндай жауапты күтпеген ата-анасы бұл сөзді естіп, жылап жіберді. Өздерінің қартты ренжіткендеріне қатты ұялып, өз қателіктерін мойындады. Сол күннен бастап, Мақсаттың атасы дастарқан басында отбасымен бірге тамақтанатын болды. Ал ұлы мен келіні қарияға қызмет көрсетіп, асты-үстіне түсіп отыратын болды.
2-тапсырма Мәтіндегі нақты ақпараттарға қатысты сөз немесе сөз тіркестерін айтып, шеңбер ішіне орналастырыңыз.
3-тапсырма Жұбыңызбен берілген тақырыптың бірін таңдап, сұрақтар қоя отырып, диалогке қатысыңыз (әр жұпқа 2 минут беріледі).
1. Мектептегі үйірмелер (үйірме және спорт секциялары). 2. Сүйікті пәндерім (қызығушылық танытатын пәндер, себебі). 3. Мектептегі мерекелер (мектебіңізде ұйымдастырылатын іс-шаралар). 4. Менің сыныптастарым (достық). 5. Менің жетістіктерім (мадақтама, жетістік). |
Вступить группу