Coздaть aкaунт
Педагогическая копилка » RUS » БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті, 5-сынып 4-тоқсан «Қазақстандағы ұлттар достастығы»

БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті, 5-сынып 4-тоқсан «Қазақстандағы ұлттар достастығы»

29 окт 2024, 21:32
RUS / Казахский язык и литература Т2
1
0

«Қазақстандағы ұлттар достастығы» бөлім бойынша жиынтық бағалау

«Қазақ тілі мен әдебиеті Т1» 5 сынып 4-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 5-сынып білім алушыларына ««Қазақ тілі мен әдебиеті»(оқыту қазақ тілінде емес) пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектептің (5-9-сыныптары) «Қазақ тілі мен әдебиеті»(оқыту қазақ тілінде емес)пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың  мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.


БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті, 5-сынып 4-тоқсан «Қазақстандағы ұлттар достастығы»

Оқу мақсаты

5.1.6.1 Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру

5.2.5.1 Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу

 

Бағалау критерийі

 

 

 

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білім алушы

  • Мазмұнға бағытталған сұрақтарға жауап береді

  • Шағын диалогке қатысу арқылы сұрақты түсінгендігін көрсетеді

 

Білу және түсіну

Қолдану

 

 

Орындау уақыты

15-20 минут

 

1-тапсырма 

Мәтінді 2 рет тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. 

 

Бірінші мамыр мейрамының шығу тарихы әріде жатыр. Бұдан 3 мың жыл бұрын Италия тұрғындары жердің қамқоршысы, әйел құдайы Майяға табынған. Соның құрметіне бүгінге дейін мамыр айының алғашқы күні серуендеу мен салтанат мерекесі болып есептеледі. 1890 жылы Парижде өткен ІІ Интернационал Конгресінің шешімімен 1886 жылы Чикагода болған Америкалық еңбекшілердің 8 сағаттық жұмыс күнін талап етіп, капиталистер мен қанаушыларға қарсы жанқиярлық күресінің құрметіне Варшава қаласында сол жылдан бастап 1 мамыр еңбекшілердің ынтымағы мерекесі ретінде аталып келеді.

Айтулы мейрамды алғаш рет 1890 жылы Мажарстан, Бельгия, Алмания, Дания, Испания, Италия, Норвегия, АҚШ, Швеция, Франция сияқты мемлекеттер атап өтті. Содан бері қанша заман өтсе  де, қазіргі таңда 1 мамыр мерекесін әртүрлі мазмұнда әлемнің 66 мемлекеті тойлайды.

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылы наурызда дүниежүзіне үлгі болып отырған ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың үлгісі  Қазақстан Халықтарының Ассамблеясы құрылды. Сол кезден бастап 1 мамыр жаңаша сипат, мазмұнға ие болды.

 

 

  1.  1 мамыр неге серуендеу мен салтанат мейрамы болып саналады?

____________________________________________________________________

 

  1.  1995 жыл -  Қазақстан үшін қандай жыл?

_____________________________________________________________________

 

 

2-тапсырма

Жұпта «Қазақстанда 1 мамыр мерекесі қалай тойланады?» деген тақырыпта диалогке түсіңіз.



Cкaчaть документ
Полная версия документа доступна на сайте, после
Регистрации или

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.