Тіркелгі жасаңыз
Педагогическая копилка » KAZ » БЖБ Қазақ тілі, 5-сынып 1-тоқсан «Мәдениет: тіл және қарым-қатынас»

БЖБ Қазақ тілі, 5-сынып 1-тоқсан «Мәдениет: тіл және қарым-қатынас»

21 окт 2024, 16:28
KAZ / Қазақ тілі және әдебиет
6
0

«Мәдениет: тіл және қарым-қатынас» бөлім бойынша жиынтық бағалау

«Қазақ тілі Т1» 5 сынып 1-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 5-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде)» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектептің (5-9-сыныптары) «Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.


БЖБ Қазақ тілі, 5-сынып 1-тоқсан «Мәдениет: тіл және қарым-қатынас»


Оқу мақсаты

5.1.1.1 тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау;

5.1.5.1 тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру

 

Бағалау критерийі

 

 

 

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

 

Білім алушы

  • Тірек сөздер арқылы тақырыпты болжайды

  • Мазмұнға қатысты көтерілген мәселеге сұраққа жауап беру арқылы ойын білдіреді

 

Білу және түсіну

Қолдану

 

Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма

ЖЖ.

1. Берілген тірек сөздердің негізінде жұбыңыздың мәтінін болжаңыз.

1-мәтін бойынша тірек сөздер: тіл, достық, халық, ұлт

2-мәтін бойынша тірек сөздер: тіл үйрену, шет тілі, дұрыс сөйлеу

 

2. Мәтіндермен жұпта алмасыңыз. Жұбыңыздың мәтінін тыңдаңыз (оқыңыз). Мәтін мазмұны бойынша жұбыңызға 2 сұрақ дайындаңыз.

 

1-мәтін Тілеуберді Сахабаның Павлодар облыстық Тілдерді дамыту басқармасы Ұлттар тілдерін дамыту бөлімінің басшысы Қымбат Сәкеновамен «Ұлт бірлігі – мемлекеттік тілде» тақырыбындағы сұхбатынан үзінді.

Ұлт бірлігі – мемлекеттік тілде

- Тіл – халық пен халықтың, ел мен елдің және ұлттар арасындағы достықтың ең негізгі құралы. Осы орайда «Қазақстан халқының тілдері күні» еліміздегі ұлттар достығын нығайтуда қандай рөл атқарады?

- Өзіңіз айтып өткендей, тіл – барша халықтар арасындағы достық қарым-қатынастарды сақтаудың негізгі құралы. Адам тіл арқылы түсініседі, өзге ұлттың тілін қаншалықты меңгерген болса, соншалықты сол ұлтқа жақындай түседі. Мұндай құбылысты қазіргі қоғамнан анық байқауымызға болады. Бұл тұста тілдің тілден еш артықшылығы жоқ екендігін айтып өткім келеді. Адам алдымен өз тілін білуі қажет. Одан кейін неше тілді білсе де артықтығы жоқ.

Қазіргі таңда өзге ұлттардың қазақ тілін білуге деген ниетінің болуы – қазақ халқын құрметтеуі. Жиырма жыл ішіндегі жеткен жетістігіміз. Ел бола алатынымызды дәлелдедік, соның арқасында қазақ баласына, қазақ халқына деген сый-құрмет едәуір артты.                                                    

Шет тілін білу не үшін қажет?

Қазіргі заман ашықтық пен жан-жақтылықты талап етеді, сондықтан өмірден өз жолын табуға, беделді кәсіпті игеруге, өзіне және өзінің отбасына жақсы көңіл күй, жарқын болашақ сыйлауға тырысқан адамдар үшін шет тілдерін білу қажеттілігі туындап отыр.

Шетел тілдерін университеттің тиісті кафедрасында не болмаса, өз бетінше мамандандырылған курстарда оқып, үйренуге болады. Тілдерді өз бетінше үйрену кезінде сөздіктерді оқу, (тіпті түсінбесең де) радио тыңдау пайдалы. Үйренуді сөздікпен бастаңыз; өзіңізге белгілі бір жағдайларды ойдан шығарыңыз: досыңызбен кездесу, кино, спорт және т.б. жайлы. Дұрыс сөйлеп үйрену өте маңызды – бұл тек ауызша сөйлеуді ғана емес, сонымен қатар жазбаша сөйлемдерді де дұрыс және жеңіл айту, жазудың кепілі. Шет тілінде сөйлеу – сол тілде ойлау дегенді білдіреді.                                                                                                                                                                                                                                                        



Cкaчaть документ
Құжаттың толық нұсқасы сайтта қол жетімді, кейін
Регистрации или

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Мұғалімдерге арналған педагогикалық платформа

  • Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз КТЖ БЖБ ТЖБ ҰМЖ

Педагогикалық шеберлік саласында өз құзыреттерін арттыруға дайын педагогтар үшін тамаша шешім. Біз КТЖ (күнтізбелік жоспарлар), БЖБ (бөлімге жиынтық бағалау), ТЖБ (тоқсанға жиынтық бағалау), оқу материалын бір жылға тақырыптық жоспарлауды, БЖБ сабақ жоспарларын, сондай-ақ бөлімдер мен тоқсандар бойынша жиынтық бағалауды қоса алғанда, әртүрлі білім беру материалдарына қол жеткізуді қамтамасыз етеміз. Осы ресурстардың барлығы сіздің жұмысыңыздың тиімділігін арттыруға және оқушылардың оқу сапасын жақсартуға көмектеседі.