Тіркелгі жасаңыз
Педагогическая копилка » KAZ » БЖБ Математика 4-сынып 4-тоқсан жауаптары «Теңдеу, теңсіздік, өрнектер»

БЖБ Математика 4-сынып 4-тоқсан жауаптары «Теңдеу, теңсіздік, өрнектер»

28 окт 2024, 21:06
KAZ / 4 сынып
1
0

«Теңдеу, теңсіздік, өрнектер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 

«Математика»  4-сынып 4-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 4-сынып білім алушыларына «Математика» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Математика» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.

БЖБ Математика 4-сынып 4-тоқсан жауаптары

«Теңдеу, теңсіздік, өрнектер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше 2.2 Теңдік және теңсіздік. Теңдеулер
2.1 Санды және әріпті өрнектер
Оқу мақсаты 4.2.2.2 39+490 : k = 46; 230∙ а +40=1000:2 түріндегі
теңдеулерді шешу
4.2.1.3 Айнымалысы бар өрнектерді құру және есептер
шығару барысында қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Күрделі теңдеулерді шешеді
• Есептің шарты бойынша айнымалысы бар өрнек
құрады және мәнін табады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
1-тапсырма
Теңдеуді шеш.
150 ∙ у + 350= 5600 : 7
2-тапсырма
Есептің шешуін әріпті өрнек түрінде жаз. d =8, k=19, m=21 деп алып, өрнектің мәнін тап.
Ғарыш зымыранының макетін жасау үшін әрқайсысы 150 теңгеден d м алюминий
сым, 340 теңгеден k дана әйнек және 280 теңгеден m дана шам сатып алынды. Ғарыш
зымыранының макетін жасау үшін барлығы қанша теңге жұмсалды?



Cкaчaть документ
Құжаттың толық нұсқасы сайтта қол жетімді, кейін
Регистрации или

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Мұғалімдерге арналған педагогикалық платформа

  • Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз КТЖ БЖБ ТЖБ ҰМЖ

Педагогикалық шеберлік саласында өз құзыреттерін арттыруға дайын педагогтар үшін тамаша шешім. Біз КТЖ (күнтізбелік жоспарлар), БЖБ (бөлімге жиынтық бағалау), ТЖБ (тоқсанға жиынтық бағалау), оқу материалын бір жылға тақырыптық жоспарлауды, БЖБ сабақ жоспарларын, сондай-ақ бөлімдер мен тоқсандар бойынша жиынтық бағалауды қоса алғанда, әртүрлі білім беру материалдарына қол жеткізуді қамтамасыз етеміз. Осы ресурстардың барлығы сіздің жұмысыңыздың тиімділігін арттыруға және оқушылардың оқу сапасын жақсартуға көмектеседі.