ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ ПОРТАЛ- КТП,КСП,ҚМЖ,ТЖБ,БЖБ,СОР, СОЧ

Казахский язык методика Для учителей 4 класса общеобразовательной школы с русским языком обучения

Кіріспе
«Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты  қоғамдық ортада қазақ тілінде қарым-қатынас жасау мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін коммуникативтік дағдылардың негізін қалыптастыру және тілдік нормаларды қолдануға, сауатты жазуға үйрету.
Қойылған мақсатқа жету үшін бірнеше міндеттер шешіледі. Олар:
1) тілдік дағдыларын (айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым) дамыту; 
2) қазақ тіліндегі сөздік қорын үздіксіз дамыту әдістерін меңгерту;
3) тұрмыста, қоғамдық орындарда, мәдени орталарда қазақ тілінде қарым-қатынас жасау қабілеттері мен дағдыларын дамыту;  
4) қазақ тілінде меңгерген білім, білік, дағдыларын күнделікті өмірде өз бетінше қолдануға дағдыландыру; 
5) шығармашылықпен жұмыс істеуге, сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту.


Перейти на сайт