ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ ПОРТАЛ- КТП,КСП,ҚМЖ,ТЖБ,БЖБ,СОР, СОЧ

Стандарт негізгі мектеп Қазақстан Республикасы

Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты

1. Жалпы ережелер 
 1. Осы негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
(бұдан әрі – стандарт) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан
Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 56-бабына сәйкес әзірленді және білім
алушылар мен тәрбиеленушілердің дайындық деңгейіне, білім берудің
мазмұнына, оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптарды
айқындайды.

2. Негізгі орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламаларын іске
асыратын білім беру ұйымдары (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) меншік
нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына, сондай-ақ оқыту тіліне
қарамастан білім беру қызметін:

1) осы стандартқа;
2) оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарларына;
3) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы уәкілетті органы
белгіленген тәртіппен бекіткен басқа да нормативтік құқықтық және құқықтық
актілерге сәйкес жүзеге асырады.

Перейти на сайт