ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ ПОРТАЛ- КТП,КСП,ҚМЖ,ТЖБ,БЖБ,СОР, СОЧ

Салыстырмалы атомдық масса және салыстырмалы молекулалық масса

Заттың формуласы бойынша салыстырмалы молекулалық массасын есептеу.

Салыстырмалы молекулалық масса Мr-мен белгіленеді. Жай заттың салыстырмалы молекулалық массасын - элементтің салыстырмал атомдық масссын оның атом санына көбейтіп табады. Мысалы, оттек молекуласының О2 салыстырмалы молекулалық массасын табайық: Мr2) = 2· Аr(О) = 2 · 16 = 32

         Күрделі заттың салыстырмалы молекулалық массасын табу үшін алдымен оның құрамына кіретін әрбір элементтің атомдарының салыстырмалы атомдық массаларын атом санына көбейтіп, содан соң олардың қосындысын табады.Мысалы, алюминий гидроксидің АІ(ОН)3салыстырмалы молекулалық массасы:

Аr(АІ) = 27 , Аr(Н) = 1  Аr(О) = 16

Мr[АІ(ОН)3] = Аr(АІ)   + 3[Аr(О)  + Аr(Н)]= 27 + 3(16 +1) = 27 + 17 = 78


  1. Алюминий сульфатының АІ2(SО4)3 салыстырмалы молекулалық массасын есептеңдер

Берілгені:

АІ2(SО4)3

Табу керек: 

Мr[АІ2(SО4)3] -?

Шешуі:  

Мr[АІ2(SО4)3] = Аr(АІ) · n(АІ)  + Аr(S) · n(S)  + Аr(О) · n(О)  

Мr[АІ2(SО4)3] = 27 · 2 + (32 + 16 · 4) · 2 = 54 + 96 · 3 =

=  54 + 288 = 342 .

Жауабы: Мr[АІ2(SО4)3] = 342.

Перейти на сайт