ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ ПОРТАЛ- КТП,КСП,ҚМЖ,ТЖБ,БЖБ,СОР, СОЧ

Қазақ тілі мен әдебиет дәптері

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша 8-сынып оқушыларына арналған жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу кезінде мұғалімге әдістемелік ұсынымдар жасалды.

Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған.

Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген. Әдістемелік ұсыныстар 8 сынып мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған. Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.
Перейти на сайт