ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ ПОРТАЛ- КТП,КСП,ҚМЖ,ТЖБ,БЖБ,СОР, СОЧ

Жылдық жоспары мектеп психологтары Психологиялық қызметінде жүргізілетін жұмыстар легінің мақсаттары мен міндеттері

Психологиялық қызметтiң мақсаты:
Орта бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтiк-психологиялық жағдай жасау және бiлiм беру үдерiсiне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету. 

Психологиялық қызметтiң мiндеттерi: 
- бiлiм алушылардың тұлғалық және зияткерлiк дамуына ықпал ету, өзiн-өзi тәрбиелеу және өзiн-өзi дамыту қабiлетiн қалыптастыру; 
- бiлiм алушыларға ақпараттық қоғамның жылдам дамуында олардың табысты әлеуметтенуiне психологиялық жәрдем көрсету;
- тұлғасын психологиялық-педагогикалық зерделеу негiзiнде әрбiр бiлiм алушыға жеке тұрғыдан ықпал ету;
- психологиялық диагностиканы жүргiзу және бiлiм алушылардың шығармашылық әлеуетiн дамыту;
- психологиялық қиыншылықтар мен бiлiм алушылардың проблемаларын шешу бойынша психологиялық түзету жұмыстарын жүзеге асыру; 
- психологиялық проблемаларды шешуде және оқу-тәрбие жұмыстарының қолайлы әдiстерiн таңдауда ата-аналар мен педагогтарға консультациялық көмек көрсету;
- бiлiм беру үдерiсi субъектiлерiнiң психологиялық-педагогикалық құзыреттiлiгiн көтеру.
Перейти на сайт