ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ ПОРТАЛ- КТП,КСП,ҚМЖ,ТЖБ,БЖБ,СОР, СОЧ

2020 жылғы 3-12 ақпан аралығында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігін өткізу жөніндегі ұсынымдамалар

1.    «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің салтанатты ашылуын (жалпы мектептік салтантты саптық жиында) өткізу.
2.    «Балаға жүрек жылуы» С.А. Назарбаеваға арналған тақырыптық сабақтар мен сынып сағаттарын өткізу.
3.    Оқу мекемелерінің кітапханаларында «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани бағдарламасының авторы С.А. Назарбаеваның қызметі туралы, оның ішінде автордың жазған кітаптары мен қазақстандық және әлемдік ойшылдардың, педагог-гуманистердің шығармалары шығармаларының көрмесін ұйымдастыру.
4.    «Сүйіспеншілікпен өмір сүру» атты тақырыптарда әңгімелер мен оқушылардың әлеуметтік жобаларының презентацияларын өткізу. 
5.    «Алтын жүрек анамыз», «Сердце, наполненное любовью» атты мәтінді мәнерлеп оқу байқауларын ұйымдастыру.
6.    Патриоттық, адамгершілік, қайырымдылық туралы жоғары сыныптар арасында дебаттар өткізу.
7.    «Руханилықтың мөлдір бұлағы» атты тақырыпта ана, мейірім, бейбітшілік және достық туралы балалардың шығармашылық жұмыстарының (суреттер, ашық хаттар, қолдан жасалған бұйымдар және т.б.) фестивалін, көрмелерді және эссе конкурстарын ұйымдастыру. 

Ескерту: «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің күнделігін дайындау және ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің сайтына орналастыру үшін күн сайын ақпараттарды жолдайтын жауапты мамандарды тағайындау.
Перейти на сайт