ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ ПОРТАЛ- КТП,КСП,ҚМЖ,ТЖБ,БЖБ,СОР, СОЧ

Логопед кітаб

Р және Р'  дыбыстарының айтылуындағы түрлі кемшіліктері ротацизм деп аталады. Ол дыбыстың қате айтылуын немесе басқа дыбыспен алмасуын білдіреді. Кемшіліктің     екінші түрі параротацизм деп аталады. Кейде қатаң Р-ны жұмсақ Р' мен алмастыруда кездеседі. Кері алмасуда болады. Бүйірлік Р дыбысы да жиі кездеседі. Жұмсақ Р дыбысының айтылуы артикуляцияда жұпталған қатарынан тіл үстінен қосымша көтерілумен, аздап ілгері ығысумен ерекшеленеді. Ротацизмнің алғы шарт болатын анатомиялық аномалиялары мыналар: тіл асты желбезегінің қысқалығы, жіңішке және биік таңдай, шектен тыс үлкен немесе жіңішке, икемі кем тіл.

Мектепке дейінгі және бастауыш сынып балаларының ротацизмнің түзетудегі бірінші талпыныс еліктеу негізіндегі құлақпен қабылдайды, сосын оны төңіректегі дүрілді дыбыстармен /мотор үні, күн күркіреу/ бекітуді қамтиды. Сонымен қатар айна арқылы тілдің формасы қалпы мен қызметін бақылап отыру мүмкіндігі пайдаланылады. 
Перейти на сайт