ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ ПОРТАЛ- КТП,КСП,ҚМЖ,ТЖБ,БЖБ,СОР, СОЧ

Олимпиада бұйрық 2019-20

І.  Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері
1.1. Олимпиада қала мектептері оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына ықпал ету, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, Республикалық және Халықаралық олимпиадаға қатысатын оқушыларды іріктеу және даярлау, Қазақстан Республикасында білім берудің беделін көтеру мақсатында өткізіледі.
ІІ. Республикалық олимпиаданың ІІ кезеңінің өткізілу тәртібі
2.1. Республикалық олимпиаданың ІІ кезеңі 2019 жылдың 05-06 желтоқсан күндері өтеді. Тапсырмалар тестілеу түрінде беріледі.
2.2. Республикалық олимпиаданың ІІ кезеңіне әр пән бойынша мектепішілік олимпиаданың І орын жеңімпазы, 8-11 сынып  оқушылары (әр сынып бойынша оқыту тіліне қарамастан бір оқушы) қатысады.  Қай тілде оқығанына байланысты емес. 
ІІІ. Олимпиаданы ұйымдастыру
3.1. Әрбір сынып оқушылары бір аудиторияда, әр компьютерде бір ғана оқушы отыруы тиіс.
3.2. Олимпиада бекітілген кестеге сәйкес өтеді.
3.3.Олимпиаданы ұйымдастыру жауапкершілігі қалалық білім басқармасының Әдістемелік орталығына жүктеледі. 

Перейти на сайт