ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ ПОРТАЛ- КТП,КСП,ҚМЖ,ТЖБ,БЖБ,СОР, СОЧ

КТП 4 сынып Әдебиеттік оқу

«Әдебиеттік оқу» пәнінің мақсаты – бастауыш сынып білім алушыларының көркем шығарманы сезіммен қабылдауы, түсінуі, санасында қайта жаңғырта алуы және шығармадан қабылдағанын өзінің шығармашылық әрекетінде жүзеге асыруға ұмтылуы арқылы функционалдық сауаттылығын қалыптастыру

Білім алушылардың оқу дағдыларының қалыптасуын ескере отырып, мұғалім төмендегі міндеттерді қояды:
-    екінші сыныпта сөз бен сөз тіркестерін тұтас оқуға біліктерінің қалыптасуын; оқу қарқыны бойынша оқылған мәтіннің мазмұны түсінуін, оқу кезінде кідіріс жасай білуін, тиісті тыныс белгілерін қоюын, интонациясын, кейіпкерлерінің ерекшеліктері тән қассиеттерді білуін тексереді;
-    үшінші сыныпта негізгі құралдардың мәнерлілігін пайдалануда өлеңдер және шығармалар мәтінін оқу мәнерлілігін тексеру, дауыстап және іштей оқуда оқылған мәтіннің мәнін түсінуін, сонымен қатар, оқу техникасын тексерудің негізгі міндеттерін тұтассөздермен оқи білуінің қалыптасуын тексереді;
-    -төртінші сыныпта оқу дағдысы: шығарманы іштей көз жүгіртіп, шолып, түртіп алып, сұрақтар қоя отырып, қажетті ақпаратты тауып, белгі қойып оқу, талдау жасап оқу, сын тұрғысынан бағалап оқу.


Перейти на сайт