ТЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 10-сынып 4-тоқсан
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған.
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.
Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11- сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
Тапсырмалар түрлері:
Жабық типті тапсырма түрлері
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 4 компоненттен тұрады. Бірінші компонент –
тыңдалым, екінші компонент – оқылым, үшінші компонент – жазылым және тілдік бағдар,
төртінші компонент айтылым дағдыларын тексеруге арналған.
ТЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 10-сынып 4-тоқсан
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен IV тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Тыңдалым
Тілші: Біз Қазақстан сандық сауаттылық деңгейін анықтау мақсатында қала
тұрғындарынан сұхбат алған болатынбыз.
Тілші: Сәлеметсіз бе, біздің қазақстандықтардың сандық сауаттылығына қандай баға
берер едіңіз?
Сұхбат беруші: Менің есімім – Ерасыл. Менің ойымша, қазақстандықтардың басым
бөлігі – сандық сауатты азаматтар. Оған дәлелім де бар. Жақында ғана теледидардан осыған
қатысты жаңалық естідім. Министрліктің мәліметі бойынша, бүгінгі күні Қазақстанда
интернет желісімен халықтың 72%-ы қамтылған екен, ал халықтың сандық сауаттылық
деңгейі 74%-ды құрайтын көрінеді. Қазақстандағы электронды сауданың дамыған түрлеріне
әуе билеттерінің электронды сатылымы, мобильді байланыс қызметтерінің төлемі,
коммуналды төлемдерді төлеу, теміржол билеттерінің электронды сатылымын жатқызуға
болады. Қолданушы үшін ыңғайлы, түсінікті бағдарламалардың жасалуы – электронды
сауданың дамуына жол ашады. Екінші тұрғыдан халықтың уақытын үнемдеп, ұзынсонар
кезекті көп көрмейтін боламыз.
Тілші: Сіздіңше, біздің еліміздің тұрғындары сандық тұрғыдан сауатты ма?
Сұхбат беруші: Менің атым – Айша. Меніңше, сандық сауаттылығы бар азамат
сандық коммерцияны пайдалана алатын, оның ішінде онлайн-дүкендерден тауарлар мен
қызметтер алу қабілетіне ие, интернет картасын пайдалана білетін, интернет желісі арқылы
басқа адамдармен байланыс орната алатын адам. Ал біздің қоғам қандай? Өткенде
жалақымды алайын деп банкке кірсем, банкомат алдында есікке дейін кезек тұр, көптеген
азаматтарымыз ақшаны қалай шешу керектігін білмей, банк қызметкерлеріне өтініш етуде.
Осындай жағдайда біз халқымызды қалайша сауатты дей аламыз?
1. Көп нүктенің орнын қажетті сөздермен толықтырыңыз.
[3]
Сөздер: электронды/банкоматтан/банк қызметкерлерінен/ көпшілігі/
1) Менің ойымша, қазақстандықтардың _____________________________ – сандық
азамат.
2) Тұтынушыларға арналған бағдарламалар___________________ сауданың дамуына
мүмкіндік береді.
3) Халық __________________ ақша шеше алмағандықтан, ......................................
көмек сұрайды.
2. Екі сұхбат берушінің көзқарастарын салыстырыңыз. Ұқсастығы мен айырмашылығын
анықтаңыз. Жауаптарыңызды сөз тіркесімен беріңіз.
Сұхбат берушілер пікірі [1]
1-сұхбат беруші
2-сұхбат беруші
Ұқсастығы [1]
Айырмашылығы [1]
[3]
3. Сіз қай көзқарасты жақтайсыз? Неге? Мәтінмен байланыстыра отырып, көзқарасыңызды
2-3 сөйлеммен білдіріңіз.
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
[2]
Вступить группу