Coздaть aкaунт
Педагогическая копилка » RUS » ТЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 10-сынып 3-тоқсан

ТЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 10-сынып 3-тоқсан

11 ноя 2024, 16:09
RUS / Казахский язык и литература Т2
3
0

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған.
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.

Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11- сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы

Тапсырмалар түрлері:
Жабық типті тапсырма түрлері
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 4 компоненттен тұрады. Бірінші компонент –
тыңдалым, екінші компонент – оқылым, үшінші компонент – жазылым және тілдік бағдар,
төртінші компонент айтылым дағдыларын тексеруге арналған.

ТЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 10-сынып 3-тоқсан

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен ІІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалау 
тапсырмалары 
Тыңдалым 
Мәтін бөліктерін тыңдап, оның жалғасын болжап, 1-2 сөйлеммен жалғастырыңыз. 
«Әке, қалай бай адамға айналуға болады?». Әкем газеттен басын алып: «Балам, неге 
оны сұрадың?» – деді. «Мектептегі балалардың барлығы Майк екеуімізбен араласқысы 
келмейді, «сендер кедейсіңдер!» дегенді қайталай береді»... 
1. Әкесі не деп жауап беруі мүмкін (2 сөйлем)? 
________________________________________________________________________________ 
________________________________________________________________________________ 
[2] 
Мәтін жалғасын тыңдаңыз. 
«Ал, балам, егер бай болғың келсе, ақша табудың жолын үйрен!». «Ал мен қалай ақша 
табамын?» – деп сұрағанымда әкем: «Өз басыңмен ойлан», – деді де қоя салды.  
Әдетте менің әкем: «Бірдеңені қаласаң, сол үшін жұмыс істе» дегенді қайталайтын. Ақыры 
мен Майкке әріптес болуды ұсындым, ол келісім берді, менің алғашқы бизнес әріптесіме 
айналды. Бай сыныптастарымызды еске түсіретінбіз... 
2. Автор әріптесі Майкпен бай сыныптастарын қалай еске алуы мүмкін (2 сөйлем)?  
________________________________________________________________________________ 
________________________________________________________________________________ 
[2] 
Мәтін жалғасын тыңдаңыз. 
... жүрегіміз ауырса да, оның бір пайдасы болатын, яғни жаңа ой, жаңа мотивация беретін. 
Алғашқы бизнес жоспарымыз құрдымға кеткен кезде, менің әкем күлімдеп: «Бай 
болғыларың келсе, Майктың әкесінен сұраңдар», – деді. Бірақ Майктың әкесі кейін ең бай 
адамға айналды.  
Майктың әкесі бізге ақшаны қалай табудың жолын үйретемін деп уәде берді. «Тек маған 
жұмыс істейсіңдер, сонда ғана үйрете аламын. Мен көп сөйлеп, көп оқытпаймын, мен 
тәжірибеде көрсетемін», – деді. Басында еш нәрсені түсінбедік, бізді қанап, қинап жұмыс 
істетіп жатыр, өтірікші деумен болдым... 
3. Майктың әкесі ақша табуды үйрете алды деп ойлайсыз ба? Дәлелдеңіз (2 сөйлем). 
________________________________________________________________________________ 
________________________________________________________________________________ 
[2] 
4. Мәтінде қандай жалпыадамзаттық мәселе көтерілген (1 сөйлем)? 
________________________________________________________________________________ 
________________________________________________________________________________ 
[1] 
5. Берілген сөз тіркестерінің мағынасын өз сөзіңізбен түсіндіріңіз. 
1) бизнес әріптес-____________________________________________________________ 
2) ақша табу-________________________________________________________________ 
3) бизнес жоспар-____________________________________________________________ 
[3]



Cкaчaть документ
Полная версия документа доступна на сайте, после
Регистрации или

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.