Coздaть aкaунт
Педагогическая копилка » RUS » БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 10 сынып 3-тоқсан «Сауда мен көмек: екі жақты келісімді сауда»

БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 10 сынып 3-тоқсан «Сауда мен көмек: екі жақты келісімді сауда»

11 ноя 2024, 16:06
RUS / Казахский язык и литература Т2
2
0

Жиынтық бағалау «Сауда мен көмек: екі жақты келісімді сауда»

Қазақ тілі мен әдебиеті 10 сынып 

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 10-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.

БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 10 сынып 3-тоқсан «Сауда мен көмек: екі жақты келісімді сауда»

«Сауда мен көмек: екі жақты келісімді сауда», «Бұқаралық ақпарат құралдарындағы 
гендерлік бейне» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау 
Оқу мақсаты 
Бағалау критерийі 
Ойлау 
10.1.3.1 оқу-кәсіби, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени 
тақырыптар аясында қолданылған сөздер мен термин 
сөздердің мағынасын түсіну 
10.2.2.1 
ғылыми-көпшілік 
және 
публицистикалық 
мәтіндерге сүйеніп, монолог және диалог құрау, сөз әдебі 
мен сөйлеу этикеті формаларын орынды қолданып, 
тыңдаушыға әсер ету 
Білім алушы 
 Тақырыпқа сәйкес сөздер мен терминдердің 
мағынасын ажыратады 
дағдыларының 
 Мәтін бойынша монолог, диалог құрауда сөз әдебі 
мен сөйлеу этикетін қолданады 
Қолдану 
деңгейі 
Орындау уақыты 
Тапсырма 
25 минут 
Аудиомәтінді екі рет тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. 
2015 жылы отандық өнімді қолдау мақсатында елімізде айрықша акция басталды. Ол 
нәтижелі әрі пайдалы болды. Бұл – «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы 
белсенділерінің «Қазақстанда жасалған» республикалық акциясы. Әлеуметтік желі арқылы 
танылып, дүкендер желісінде «Қазақстанда жасалған» жазуы бар өнімдер қойылып, 
сатылып жатты. Аталмыш игі істі 11 ақпанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет 
басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бастауды ұсынған еді. «Барлық қазақстандықтарды, 
бүгінгідей қиын жағдайда, біздің қазақстандық тауарларды сатып алуға шақырамын. Бұны 
Қазақстан экономикасына қосқан үлесіміз деп білейік», – деген еді Президент. 
Бұл үндеуден кейін «Қазақстан-2050» ұйымы бірден ірі дүкен желілерімен және 
өндірушілермен келіссөз жүргізуді бастады. Мемлекеттік маңызы бар істі ірі 
супермаркеттер мен дүкендер қолдап, сауда сөрелерінің тұсына «Қазақстанда жасалған» 
деп жазылған түрлі-түсті белгі-тақтайшалар жасалды. Ол өнімдер дүкеннің ең көрікті 
жерлеріне қойылды. 
«Қазақстандық өнімді сатып алу арқылы біз тек ел экономикасына ғана көмектесіп 
қоймаймыз, сондай-ақ отандық кәсіпорындарда еңбек етіп жүрген мыңдаған адамдарға 
қолдау көрсетеміз. Олар біздің арқамызда жұмысын жалғастырады, отбасын асырап, ұрпақ 
өрбітеді, дәрігерлер мен мұғалімдердің еңбекақысы үшін салық төлейді. Біз қазақстандық 
өнімді қажет болғандықтан емес, солай дұрыс болғандықтан сатып аламыз», – деді 
«Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің төрағасы Данат Жұмин. 
Арнайы тақтайшалар мен белгілер қойылған сәттен бастап мыңдаған адам акцияны 
қолдап, отандық өнімдерді сатып алғандары жөнінде суреттерімен, пікірлерімен бөлісіп 
жатты. Тіпті, республикалық арналардың бірі фотобайқау жариялап, арнайы 
бейнематериал жасаған болатын. Ақпараттық қолдаудың арқасында, қазақстандық 
заттарға деген сұраныс ондаған есеге көбейіп, танымалдылығы мен тартымдылығы артты. 
1. Мәтіннен берілген сөздердің синонимдерін анықтаңыз.  
A. ерекше -




🌟 ВНИМАНИЕ 🌟
✳️ Чтобы скачать документы, нужно вступть в группу Telegram.
Вступить группу
Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.