Coздaть aкaунт
Педагогическая копилка » RUS » БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 9 сынып 4 тоқсан «Жаһандық мәселе: демография»

БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 9 сынып 4 тоқсан «Жаһандық мәселе: демография»

07 ноя 2024, 22:00
RUS / Казахский язык и литература Т2
5
0

Жиынтық бағалау «Жаһандық мәселе: демография»

Қазақ тілі мен әдебиеті 9 сынып 4 тоқсан

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 9-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні (оқыту қазақ тілінде емес) бойынша жиынтық ағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.

БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 9 сынып 4 тоқсан «Жаһандық мәселе: демография»

«Жаһандық мәселе: демография» бөлімі бойынша  жиынтық бағалау 
Сөйлеу әрекетінің түрлері 
Оқу мақсаты 
Тыңдалым 
Айтылым 
9.1.3.1 
Әлеуметтік-қоғамдық 
тақырыптар 
аясында 
айтылған сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсіну 
9.2.6.1 Кесте, диаграмма, шартты белгілер мен сызбаларда 
берілген ақпараттарды өзара салыстырып бағалау 
Бағалау критерийі 
Ойлау дағдыларының  
деңгейі 
Орындау уақыты 
Тапсырма 
Білім алушы: 
 Сөздер мен терминдердің мағынасын түсінеді 
 Кесте, диаграмма, шартты белгілер мен сызбаларда 
берілген ақпараттарды салыстырып, пікір білдіреді 
Қолдану 
Жоғары деңгей дағдылары 
15-20 минут 
1. Мәтінді тыңдап, көп нүктенің орнына қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қойыңыз. 
Жер бетіндегі әртүрлі кезеңдегі халық санының өсуі әрқалай болды. XV ғасырдан 
бастап аграрлық мәдениет, медицина мен жаратылыс ғылымдарындағы адамзаттың қол 
жеткізген нәтижелері адам санының өсуін тұрақтандырды. XVI ғасырда халықтың негізгі 
бөлігі Еуропада тұрғанымен, салыстырмалы түрде Таяу Шығыс, Орта Азия, Қытайда да 
халық саны көп болды. 
XVIII ғасырға дейін халық саны орташа жылдамдықпен, жүзжылдықта 1%-ға 
көтеріліп отырған, ал 1830 жылдары өнеркәсіптік революция басталғаннан кейін, жер 
бетіндегі халық саны 1 млрд-ты құрады. Тамақтанудың, санитарлық-эпидемиологиялық 
жағдайдың жақсаруы, гигиеналық, медициналық құрал-жабдықтардың кеңінен таралуы 
бала өлімін азайтып, өмір сүру ұзақтығын арттырды. Бұл жағдай әлемдегі халық санының 
аса жылдамдықпен дамуына әсер етті. 
XVIII ғасырдың ортасынан бастап XX ғасырдың ортасына дейін экономикасы 
жылдам дамыған Ұлыбритания, АҚШ, Франция секілді елдердің есебінен жер бетіндегі 
халық санының артуы байқалды. Ал XX ғасырдың ортасында әлемдегі жағдай тез арада 
өзгеріп, дамушы елдердегі халық санының артуы — «демографиялық жарылыстың» 
туындауына себепші болды. Дамушы елдердегі демографиялық жағдай этникалық және 
діни себептерге, ерте бастан некеге тұруға, білім деңгейінің төмендігіне, өндіріске 
әйелдерді 
араластырмауға байланысты жоғарылады. Сонымен қатар кейбір 
мемлекеттердің тәуелсіздік алуы, медициналық қызмет көрсетудің жақсаруы, халықаралық 
гуманитарлық ұйымдардың көмектері есебінен өлім саны тез арада қысқарды. Мұндай 
құбылыс «демографиялық жарылысқа», яғни халық санының жылдам қарқынмен дамуына 
алып келді. Әлемдегі халық санының өсуі «перифериялық», яғни дамушы елдер және 
өтпелі экономикасы бар елдерге тән сипат алуда  
А. 
XV ғасырдан бастап аграрлық мәдениет, медицина мен жаратылыс 
ғылымдарындағы адамзат қол жеткізген ___________________________ адам 
санының өсімін тұрақтандырды. 
В. Тамақтанудың, санитарлық-эпидемиологиялық ________________________ 
жақсаруы, гигиеналық, медициналық құрал-жабдықтардың кеңінен таралуы бала



Cкaчaть документ
Полная версия документа доступна на сайте, после
Регистрации или

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.