БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті, 5-сынып 4-тоқсан «Ұлы Дала табиғаты»
«Ұлы Дала табиғаты» бөлім бойынша жиынтық бағалау
«Қазақ тілі мен әдебиеті Т1» 5 сынып 4-тоқсан
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 5-сынып білім алушыларына ««Қазақ тілі мен әдебиеті»(оқыту қазақ тілінде емес) пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектептің (5-9-сыныптары) «Қазақ тілі мен әдебиеті»(оқыту қазақ тілінде емес)пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті, 5-сынып 4-тоқсан «Ұлы Дала табиғаты»
Оқу мақсаты |
5.3.1.1 Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтау 5.4.5.1 Жазба жұмыстарында жалғаулардың ерекшелігін ескеріп, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай дұрыс жазу; сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану
|
|||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі |
Білім алушы
Білу және түсіну Қолдану |
|||||||||||||||||||||||
|
|
|||||||||||||||||||||||
Орындау уақыты |
15-20 минут |
|||||||||||||||||||||||
1-тапсырма |
||||||||||||||||||||||||
Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
… Әлияның «Отан үшін алға!» ұраны нағыз ерліктің ұранындай болып кетті. «1944 жылдың қаңтар айында немістер бекініп алған Казачиха деревнясына шабуыл басталды. Кеңес жауынгерлері жауға қаһарлы түрде шүйлікті. Қашаннан бергі әдетінше, Әлия Молдағұлова өзінің жаужүрек жолдастарының алдыңғы қатарында болды. — Ура! Отан үшін! — деп ұрандаған Молдағұлова жауынгерлерді соңынан ертіп, алға ұмтылды. Оның дәл көздеген оғынан 8 неміс солдаты қаза тапты. Траншеяда кескілескен шайқас басталды. Немістер шыдай алмады. Молдағұлова ет қызуымен алға озып, неміс траншеяларына еніп кетті. Блиндаждан неміс офицері шыға келіп, қызды ұстап алды. Жекпе-жек басталды. Күш тең емес еді. Әлия фашистік хайуанның тырнағынан сытылып шықты да, неміс офицеріне автоматтан оқ жаудырды. Дәл сонымен қабаттаса мылтық дауысы естілді - фашист Әлия Молдағұлованың кеудесіне пистолетпен атып үлгерді» - деп жазылған марапат парағында. Өзінің жаны үзіліп бара жатқанда Әлия немістің жетпіс сегізінші солдатын атып үлгерген еді… Бұл 14 қаңтар күні болатын. Әлия 13 қаңтар күні Сапураға жазған ең соңғы хатын «Сәлем саған, Отаным!» деп бастапты…
1. Мәтін мазмұнына сай берілген дұрыс ақпараттарды белгілеңіз.
2. Мәтіндегі 3 маңызды ақпаратты жазыңыз.
3. Мәтіннің негізгі тақырыбын анықтаңыз.
2-тапсырма Мектебіңіздегі 9 мамыр мерекесінің тойлануы туралы мәтін құрап жазыңыз. |
Вступить группу