СОР Казахский язык 2 класс за 4 четверть «Қоршаған орта» с ответами
Суммативное оценивание за раздел «Қоршаған орта»
«Казахский язык» 2 класс за 4 четверть
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 2-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілінде емес) пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (орыс тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Қазақ тілі» оқыту қазақ тілінде емес пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Тапсырмалар мен рубрикалар ұсыныс түрінде берілген.
СОР Казахский язык 2 класс за 4 четверть «Қоршаған орта» с ответами
«Қоршаған орта» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің
түрлері
Оқу мақсаты
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Орындау уақыты
Тыңдалым
Тыңдалым
Айтылым
2.1.3.1Тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1-1,5 мин)
мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және оған
сәйкес
фото/сюжетті
суреттер/сызбалар
таңдау/сипаттау
2.2.2.1 Сюжетті сурет негізінде сөйлеу (2-3 сөйлем)
Білім алушы
Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап
береді және сәйкес суретті анықтайды
Сюжеттісурет бойынша әңгімелейді
Қолдану
20 минут
1. Мәтінді тыңда. Тапсырмаларды орында.
Мен досыммен ауылдың қасындағы орманға бардым. Күн ашық. Біз орманда
серуендедік. Әртүрлі жануарлар мен құстарды көрдік.
Бір кезде аспанда қара бұлттар пайда болды. Содан соң қатты жаңбыр жауды.
Біз ағаштың астына тығылдық.
Жаңбыр басылды. Аспанға кемпірқосақ шықты. Біз оған қызыға қарадық.
1) Балалар қайда барды?
А) тауға
В) қалаға
С) ауылға
D) орманға
2) Ауа райы қалай өзгерді? Мәтінге сәйкес келетін суреттерді белгіле (P)
Вступить группу