Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде емес) СОр


Опубликовал(а): Соч, 31.10.2018
Категория: Начальные классы, 48, 0


Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 2-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» (оқыту қазақ 
тілді емес мектептері үшін) пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және 
өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім 
беретін) бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Қазақ тілі» оқыту қазақ тілінде емес пәні 
бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу 
жоспарының негізінде дайындалған. 
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім 
алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға 
мүмкіндік береді. 
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге 
арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, 
жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. 
Тапсырмалар мен рубрикалар ұсыныс түрінде берілген. 
Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификацияда тапсырма үлгілері мен балл 
қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық 
бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.
Әдістемелік ұсыныстар бастауыш сынып мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім беру 
бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және 
басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді 
ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.
Внимание!!! У вас нет доступа к скачиванию файлов
  • 1
Похожие публикации

Информация

Посетители, находящиеся в группе гость, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
© 2018. Rao.kz — Методический портал

Обратная связь:

S: Техническая поддержка

E info@rao.kz


Megakassa