Тіркелгі жасаңыз
Педагогическая копилка » KAZ » БЖБ 11-сынып География, 2-тоқсан (ЖМБ) жауаптар «Табиғатты пайдалану және геоэкология»

БЖБ 11-сынып География, 2-тоқсан (ЖМБ) жауаптар «Табиғатты пайдалану және геоэкология»

14 ноя 2024, 15:50
KAZ / География kaz
11
0

«Табиғатты пайдалану және геоэкология»  бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«География» 11-сынып 2-тоқсан 

Әдістемелік ұсыныстар 11-сынып білім алушыларына «География» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу үшін мұғалімге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «География» пәні бойынша негізгі орта білім беру деңгейінің 11-сыныптарына арналған «География» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
 
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың  тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген. 

БЖБ 11-сынып География, 2-тоқсан (ЖМБ) жауаптар «Табиғатты пайдалану және геоэкология»

«Табиғатты пайдалану және геоэкология» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше Геоэкологиялық зерттеулер негіздері
Оқу мақсаты 11.3.2.1
11.3.2.2
11.3.2.7
Қоршаған ортаның антропогендік өзгерістерін
жіктеу
Қоршаған орта сапасының көрсеткіштерін жіктеу
Қоршаған ортаның бұзылған аумақтарын
қалпына келтіру жөнінде жобаларды ұсыну
(жергілікті / аймақтық компоненттің негізінде)
Бағалау критерийі Білім алушы
Қоршаған ортаның антропогендік өзгерістерін жіктейді
Қоршаған орта сапасының көрсеткіштерін жіктейді
Қоршаған ортаның бұзылған аумақтарын қалпына
келтіру жөнінде жобаларды ұсынады (жергілікті /
аймақтық компоненттің негізінде)
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. Табиғаттағы антропогендік өзгерістер-адамның шаруашылық қызметі немесе
адамдардың қоршаған табиғи ортамен тікелей қарым-қатынасы нәтижесінде табиғатта
болатын өзгерістер.
Табиғаттағы барлық антропогендік өзгерістерді екі санатқа бөлуге болады: әдейі және
кездейсоқ.
(a) Төменде келтірілген антропогендік өзгерістерді графиктегі бос орынға жіктеп
жазыңыз.
Антропогендік өзгерістер: а. атмосфераның газ құрамының өзгеруі; ә. металдардың
коррозиясын жеделдету; б. ауыл шаруашылығы алқаптарына жерлерді игеру; в.
қоршаған ортаның ластануы в. су қоймаларын салу; г. фотохимиялық тұмандардың
(түтіндердің) пайда болуы; ғ. қалалардың, өнеркәсіптік кәсіпорындардың құрылысы;
д.мұнай танкеріндегі апаттар; е. батпақтарды құрғату; ж.ормандардың өртенуі.
2. Қолайлы қоршаған ортаны сақтау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін,
антропогендік қызметтің қоршаған ортаға әсерін мемлекеттік реттеу мақсатында қоршаған
ортаны қорғау саласында нормалау жүзеге асырылады.
Қоршаған орта сапасының көрсеткіштерін сызба- нұсқаға жіктеп көрсетіңіз:



Cкaчaть документ
Құжаттың толық нұсқасы сайтта қол жетімді, кейін
Регистрации или

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Мұғалімдерге арналған педагогикалық платформа

  • Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз КТЖ БЖБ ТЖБ ҰМЖ

Педагогикалық шеберлік саласында өз құзыреттерін арттыруға дайын педагогтар үшін тамаша шешім. Біз КТЖ (күнтізбелік жоспарлар), БЖБ (бөлімге жиынтық бағалау), ТЖБ (тоқсанға жиынтық бағалау), оқу материалын бір жылға тақырыптық жоспарлауды, БЖБ сабақ жоспарларын, сондай-ақ бөлімдер мен тоқсандар бойынша жиынтық бағалауды қоса алғанда, әртүрлі білім беру материалдарына қол жеткізуді қамтамасыз етеміз. Осы ресурстардың барлығы сіздің жұмысыңыздың тиімділігін арттыруға және оқушылардың оқу сапасын жақсартуға көмектеседі.