Тіркелгі жасаңыз
Педагогическая копилка » KAZ » БЖБ 10-сынып География, 3-тоқсан ЖМБ жауаптар «Геоэкономика»

БЖБ 10-сынып География, 3-тоқсан ЖМБ жауаптар «Геоэкономика»

12 ноя 2024, 17:09
KAZ / География kaz
1
0

«Геоэкономика»  бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«География» 10-сынып 3-тоқсан (жаратылыстану-математикалық бағыт)

Әдістемелік ұсыныстар 10-сынып білім алушыларына «География» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу үшін мұғалімге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «География» пәні бойынша негізгі орта білім беру деңгейінің 10-сыныптарына арналған «География» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
 
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың  тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген. 

БЖБ 10-сынып География, 3-тоқсан ЖМБ жауаптар «Геоэкономика»

«Геоэкономика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Геоэкономиканың зерттеу пәні мен ӛзектілігі. Дүниежүзілік
шаруашылықтың аумақтық модельдері. Дүниежүзі елдерінің
экономикалық даму кӛрсеткіштері
Оқу мақсаты 10.4.1.1 Геоэкономика бағытының мақсаты мен міндеттерін
түсіндіру
10.4.1.9 Дүниежүзі шаруашылығының аумақтық модельдерін
талдау
10.4.1.10 Дүниежүзі елдерінің экономикалық даму
кӛрсеткіштерін салыстыру (қазақстандық компонентті
қосымша қамту негізінде)
Бағалау критерийі Білім алушы
 Геоэкономика бағытының мақсаты мен міндеттерін
сипаттайды
 Дүниежүзі шаруашылығының аумақтық моделін
талдайды
 Дүниежүзі елдерінің экономикалық даму
кӛрсеткіштеріне баға береді
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. Геоэкономика ұғымына анықтама беріңіз.
2. Біздің еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін, екі фактордың әсерін
түсіндіріп жазыңыз.
3. Дүниежүзілік шаруашылықтың дамуына қарай соңғы жылдары «Орталық-жартылай
периферия-периферия» моделі орын алады. "Периферия" елдеріне талдау жасаңыз.
a. "Периферия" елдерін атаңыз.
b. Ол елдердің шаруашылық саласының негізгі бағытын бір елдің мысалында сипаттаңыз.
c. Осы елдің шаруашылық саласының даму себептерін кӛрсетіңіз.
d. Аталған елде шаруашылық моделі ӛзгеруі мүмкін бе? Ӛз ойыңызды білдіріңіз.
4. Жан басына шаққанда ЖІӚ кӛлемі жӛнінен тӛмендегі елдер арасында алдыңғы орында
тұрған бір мемлекет дамыған елдер қатарына кірмейді. Тізімнен тауып, астын сызыңыз.
Дамыған елдер қатарына кірмеуінің себебін түсіндіріңіз және дәлел жазыңыз
Мемлекетер: Люксембург, Катар, Норвегия, Швейцария.
Себебі Дәлел
5. Екі елдің ЖІӚ құрылымын салыстырыңыз. Қазақстан экономикалық даму деңгейі
бойынша қандай елдер қатарына жатады деп ойлайсыз, аргумент келтіріңіз. 



Cкaчaть документ
Құжаттың толық нұсқасы сайтта қол жетімді, кейін
Регистрации или

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Мұғалімдерге арналған педагогикалық платформа

  • Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз КТЖ БЖБ ТЖБ ҰМЖ

Педагогикалық шеберлік саласында өз құзыреттерін арттыруға дайын педагогтар үшін тамаша шешім. Біз КТЖ (күнтізбелік жоспарлар), БЖБ (бөлімге жиынтық бағалау), ТЖБ (тоқсанға жиынтық бағалау), оқу материалын бір жылға тақырыптық жоспарлауды, БЖБ сабақ жоспарларын, сондай-ақ бөлімдер мен тоқсандар бойынша жиынтық бағалауды қоса алғанда, әртүрлі білім беру материалдарына қол жеткізуді қамтамасыз етеміз. Осы ресурстардың барлығы сіздің жұмысыңыздың тиімділігін арттыруға және оқушылардың оқу сапасын жақсартуға көмектеседі.