БЖБ Биология, 8-сынып 1-тоқсан жауаптар «Қоректену»
«Қоректену» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Биология 8-сынып 1-тоқсан
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 8-сынып оқушыларына "Биология" пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) 8-сыныптың "Биология" пәні бойынша оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың Тапсырмаы мұғалімге оқушылардың тоқсан бойынша жоспарланған Оқу мақсатына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған Бағалау критерийі мен дескрипторлары бар Тапсырма ұсынылған. Сондайақ, жинақта оқушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар Тапсырма ұсыныс түрінде берілген
БЖБ Биология, 8-сынып 1-тоқсан жауаптар «Қоректену»
«Қоректену» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше Омыртқасыз (жауынқұрт), күйіс қайыратын (сиыр) жануарлар
мен адамның ас қорыту жүйесін салыстыру.
Тістердің құрылысы мен типтері,тісті күту ережесі.
Адамның асқорыту жүйесінің құрылысы.
Асқорыту жолы ауруларының себептері және астан улану
белгілері.
Адам ағзасы үшін дәрмендердің маңызы.
Оқыту мақсаттары 8.1.2.1 омыртқасыз (жауынқұрт), күйіс қайыратын (сиыр)
жануарлар мен адамның ас қорыту жүйесінің құрылысын
салыстыру
8.1.2.2 тістердің құрылысы, әртүрлі типтері мен қызметтері
арасындағы байланысты және тісті күту ережелерін сипаттау
8.1.2.3 адамның ас қорыту жүйесінің құрылысы мен
қызметтері арасындағы өзара байланысты анықтау
8.1.2.4 асқорыту жолы ауруларының себептерін және астан
улану себебін ашу
8.1.2.5 адам ағзасындағы дәрумендердің маңыздылығын
сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Омыртқасыз (жауынқұрт), күйіс қайыратын (сиыр)
жануарлар мен адамның ас қорыту жүйесінің құрылысын
салыстырады
• Адамның ас қорыту жүйесінің құрылысы мен қызметтері
арасындағы өзара байланысты анықтайды
• Тістердің құрылысы, әртүрлі типтері мен қызметтері
арасындағы байланысты және тісті күту ережелерін айтады
• Асқорыту жолы ауруларының себептерін және астан улану
себебін анықтайды
• Адам ағзасындағы дәрумендердің маңыздылығын
сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 25 минут
Тапсырма
1(i). Сиырдың Х әрпімен, жауын құртының 5 санымен белгіленген асқорыту жүйесінің
бөлімдерін атаңыз және қызметін сипаттаңыз.
Х__________________________________________________________________
Cкaчaть документ