ТЖБ Математика 6 сынып 1-тоқсан жауаптар
1-тоқсандық жиынтық бағалау «Математика» 6-сынып
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, білім алушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.
Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-6-сыныптарына арналған «Математика» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
Тапсырмалар түрлері
КТБ – көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ – қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ – толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Берілген нұсқа көп таңдауы бар тапсырмаларды, қысқа және толық жауапты сұрақтарды қамтитын 8 тапсырмадан тұрады.
Көп таңдауы бар тапсырмаларға білім алушылар ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрыс жауабын таңдау арқылы жауап береді.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушылар есептелген мәні, сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
ТЖБ Математика 6 сынып 1-тоқсан жауаптар
Тапсырмалар үлгілері және балл қою кестеcі
«Математика» пәнінен 1-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. 60 : x = y : 5 пропорциясы берілген болса x ⋅ y мәнін табыңыз.
[1]
2. Екі қаланың арасындағы арақашықтығы 300 км, ал картада – 5 см. Картаның масштабын
табыңыз.
[1]
3. –7,3 саны мен –2,1 санының арасында жатқан барлық бүтін сандарды жазыңыз.
[1]
4. Суреттердің қайсысы координаталық түзуге жатпайды:
[2]
5. А және В нүктелерінің координаттарын жазыңыз. АВ кесіндісінің ұзындығын табыңыз.
[2]
6. Бір елді мекенде 120000 адам тұрады. Олардың 70% мектепті бітіріп кеткен. Ал
қалғанының 25% әлі мектепке бармаған. Қанша адам мектепте оқиды?
[6]
7. Шеңбердің диаметрі 12 (π ≈ 3).
a) Шеңбердің ұзындығын табыңыз.
b) Дөңгелектің ауданын табыңыз.
[3]
8. Өрнектің мәнін табыңыз:
- (4,8 - 4,9) - 2,05 5
1
8
1
-
+
[4]
Cкaчaть документ