БЖБ Қазақ тілі, 5-сынып 3-тоқсан «Адамның сырт келбеті мен мінезі. Морфология»
«Адамның сырт келбеті мен мінезі. Морфология» бөлім бойынша жиынтық бағалау
«Қазақ тілі Т1» 5 сынып 3-тоқсан
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 5-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде)» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектептің (5-9-сыныптары) «Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
БЖБ Қазақ тілі, 5-сынып 3-тоқсан «Адамның сырт келбеті мен мінезі. Морфология»
Бөлім «Адамның сырт келбеті мен мінезі. Морфология»
Оқу мақсаты 5.2.6.1 оқылым стратегияларын қолдану: жалпы мазмұнын
түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу
5.3.1.1 берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және
қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құру
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Оқылым стратегияларын қолданады
Мәтін бойынша қарапайым жоспар құрады
Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 15-20 минут
Тапсырма
Мәтіні мұқият оқып, мазмұнын 4 сөйлеммен жазыңыз. Нақты 2 ақпаратты анықтаңыз.
«Мінез» сөзі өмірде және көркем әдебиетте кеңінен қолданылады. Басқа
адамдармен қатынаса отырып, әр адам өз мінезін танытады және өзгенікін бағалайды.
Күнделікті өмірде қауым мінезді «жақсы», «жаман», «ауыр», «жеңіл» деп сипаттайды.
Ара қатынасымыз бұзылған жағдайда, әдетте: «Мінезіміз келіспеді», - деп жауап береміз.
Түрліше мінез иелері ұқсас жағдайларда әртүрлі әрекет етеді, күйзеледі. Егер біз келесі
адамның мінезін жетік білетін болсақ, онда бізге оның әрекеттерін түсіну де оңайға
соғады, ендеше, ол адаммен қатынасудың тиімді стилін таңдап, белгілі жағдайлардағы
әрекет-қылықтарын болжай аламыз.
Мінез ерекшеліктері жайлы білім мамандарды жұмысқа қабылдауда, жауапты
қызметке тағайындауда, бірлескен әрекетті орындауды тапсыруға байланысты топтарға
біріктіруде маңызды. Сонымен қатар шиеленістерді шешуде, ұжымда жағымды
психологиялық ахуалды орнатуда, қарым-қатынас тиімділігін арттыруда мінез жайлы
түсінік аса қажет.
Кез келген адамды бір көргенде-ақ оның көзі, қасы, беті, құлақ-мұрыны, аузымойны, дене бітімі саған әр қилы әсер етеді. Онымен танысып, әңгімелесіп, араласып
кетпей тұрып-ақ, ол қандай адам, сол жөнінде өзіндік пікір де қалыптастырып үлгересің.
Бұл - адамды адамның сыртқы келбеті арқылы-ақ танып, білу қасиеті. Содан әлдекімді
бір көргенде-ақ, «Әлем-жәлем киінуді ұнататын сәнқойсымақ екен», «Күлкісі қандай
жасанды», «Түрі қандай тұрпайы, өзі арсыз жан шығар», - деп те жатамыз. Әйтеуір
адамның сыртқы келбеті не сүйсіндіреді, не одан жиіркендіреді, тіпті, таң-тамаша да
қалдырады.
2. Мәтіннің кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдеріне тақырып ұсынып, қарапайым
жоспар құрыңыз.
Жоспар:
Кіріспе бөлім_____________________________________
Негізгі бөлім_____________________________________
Қорытынды бөлім_________________________________
Cкaчaть документ