Coздaть aкaунт
Педагогическая копилка » KAZ » БЖБ Қазақ тілі, 5-сынып 3-тоқсан «Қиял әлемі. Морфология»

БЖБ Қазақ тілі, 5-сынып 3-тоқсан «Қиял әлемі. Морфология»

29 окт 2024, 20:38
KAZ / Қазақ тілі және әдебиет
1
0

«Қиял әлемі. Морфология» бөлім бойынша жиынтық бағалау

«Қазақ тілі Т1» 5 сынып 3-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 5-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде)» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектептің (5-9-сыныптары) «Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.


БЖБ Қазақ тілі, 5-сынып 3-тоқсан «Қиял әлемі. Морфология»

Бөлім «Қиял әлемі. Морфология», «Көлік және жол белгілері. Морфология»
Оқу мақсаты 5.1.5.1 тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап
беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
 Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді
 Көтерілген мәселеге өз пікірін білдіреді
Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 15-20 минут
Тапсырма
ЖЖ.
1. Мәтінді мұқият тыңдап, оның жалпы мазмұнына қатысты жұбыңызға 2 сұрақ дайындаңыз.
Сұрақтарыңызбен алмасып, жауап беріңіз.
Қиял туралы жалпы ұғым
Ертегі десе әдетте әрдайым шындық, әділет жеңетін, ізгілік үстемдік құратын, бай
мен кедей теңесетін әлем ретінде қабылдаймыз. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан
шыққан қыз ауқатты жігіттің етегінен ұстаса, оны Күлше қызға теңеп жатады. Бірақ
Күлше қыз ауқатты отбасынан болған. Жай ғана кедей шаруаның қызы болса патша
сарайында би кеші өтетінін қайдан білсін?! «Сұлу мен Құбыжық» ертегісінде жазушының
айтпағы, сырт келбеттің маңызды емес екендігі болса, кейіпкер неге соңына дейін
құбыжық болып қала бермейді? Неге құбыжық та, бақа да қарапайым жігіт емес, ханзадаға
айналады? Адамның сырт келбетті жоғары қоятыны, билікті, байлықты аңсайтыны
ертегілерде де көрініс тапқан сияқты. Ал сіз ертегілерден қандай шындықты
байқай алдыңыз? Сайып келгенде ертегілер мен шынайы өмір ұқсас па?
2. Мәтінен қандай ой түйдіңіз. Автордың «қиял-ғажайып ертегілердің түп негізі шынайы
өмірден алынған» деген ойына Сіздің көзқарасыңыз қандай?



Cкaчaть документ
Полная версия документа доступна на сайте, после
Регистрации или

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.