БЖБ Математика 4-сынып 3-тоқсан жауаптары «Қозғалысқа, өнімділікке берілген есептер»
«Қозғалысқа, өнімділікке берілген есептер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Математика» 4-сынып 3-тоқсан
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 4-сынып білім алушыларына «Математика» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Математика» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.
БЖБ Математика 4-сынып 3-тоқсан жауаптары
«Қозғалысқа, өнімділікке берілген есептер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше 5.1 Есептер және математикалық модель
3.3 Нүктелер координаттары және қозғалыс бағыты
Оқу мақсаты 4.5.1.9**Артынан қуып жету, бір бағыттағы қалып қою
қозғалысына берілген есептерді арифметикалық және
алгебралық әдіспен шешу
4.3.3.1 Қозғалыстың басталуы мен бағытын пайдалана
отырып, нысандар қозғалысы сызбасын құру, сәйкес
есептеулер жүргізу;
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қуып жету қозғалысына берілген есептерді
шығарады
• Қозғалыс графигі бойынша есептеулер жүргізеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1-тапсырма
Сызбаны пайдаланып, есепті шығар.
2-тапсырма
Суретте велосипедші мен жаяу адамның қозғалыс графигі бейнеленген. Графикті
пайдаланып, сұрақтарға жауап жаз.
а) Жаяу адамның жылдамдығы қандай? ___________________________
ә) Ол 4 сағатта қандай қашықтықта болады? ___________________________
б) Велосипедшінің жылдамдығы қандай? ___________________________
в) Ол 30км жолды неше сағатта жүріп өтеді? ___________________________
Cкaчaть документ