МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҰҒЫМДАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Поделитесь с данным материалом

Опубликовал(а): Moderators, 16.04.2019
Категория: Всем учителям, 361, 0

ҚАРАПАЙЫМ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҰҒЫМДАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған
ƏДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі ұсынған

«Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру» оқу-əдістемелік
кешені жаңа буынның төмендегі нормативтік құжаттарына сəйкес дайындалған.

1. Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
(Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2016 ж. 15 мамырдағы № 292 қаулысымен
бекіген). Аталған стандарт Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі жəне
мектепалды даярлық білім берудің жаңа методологиялық негізін анықтайды.

2. 1 жастан 6(7) жастағы балаларға арналған Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың үлгілік
оқу бағдарламасы (Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігінің 2016
ж. 22 маусымдағы № 391 бұйрығымен бекіген).

3. Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (Қазақстан
Республикасының Білім жəне ғылым министрлігінің 2016 ж. 12 тамыздағы № 499
бұйрығымен бекіген). Жаңартылған бағдарлама мектепке дейінгі білім берудің
контекстегі 5 білімдік саласына жаңа мазмұн ұсынып отыр.
ОƏК дайындаудың негізгі мақсаты – аталған нормативтік құжаттарда көрсетілген
мектепалды даярлық пен бастауыш мектеп арасындағы оқытудың бірізділігін сақтау.
Бағдарламада қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
ұйымдастырылған оқу қызметінің (ҰОҚ) мақсаттары мен міндеттері толық айқындалған.

Мақсаты:
-қарапайым логикалық-математикалық ұғымдарды қалыптастыру жəне зияткерлік шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Міндеттері:
-ақиқатты танудың математикалық тəсілдерін таныстыру: санау, өлшеу, қарапайым есептеу;
-тапсырманы стандартты емес жолмен шешуге деген тапқырлығын, зеректігін,
ұғымталдығын, ұмтылысын дамыту;
-ойлау əрекетінің тəсілдерімен таныстыру.
«Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру» ҰОҚ-нің мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған.

Уважаемые коллеги! Если у Вас есть материалы или Вы хотели бы поделиться накопленным опытом, Смело добавляйте к нам Свои разработки.

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
Внимание!!! У вас нет доступа к скачиванию файлов

Присоединяйтесь к нам в Facebook, ВКонтакте, YouTube и RSS чтобы быть в курсе последних новостей.

Информация

Посетители, находящиеся в группе гость, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

RAO.kz

Казахстанский педагогический портал




© 2017 - 2019 год