ЖБЖ ТЖБ Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Қазақ тілі мен әдебиеті» (екінші тіл) 6-сынып

Поделитесь с данным материалом

Опубликовал(а): Moderators, 26.05.2019
Категория: Старшие классы, 109, 0


Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 6-сынып оқушыларына «Қазақ тілі (екінші тіл)» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (орыс тілінде білім беретін) 6-сыныптың «Қазақ тілі (екінші тіл)» пәні бойынша оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныста бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.
Әдістемелік ұсыныс мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, критериалды бағалау бойынша мектеп үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Әдістемелік ұсынысты дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.

Уважаемые коллеги! Если у Вас есть материалы или Вы хотели бы поделиться накопленным опытом, Смело добавляйте к нам Свои разработки.

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
Внимание!!! У вас нет доступа к скачиванию файлов

Присоединяйтесь к нам в Facebook, ВКонтакте, YouTube и RSS чтобы быть в курсе последних новостей.

Информация

Посетители, находящиеся в группе гость, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
©2018-2019. Rao.kz — Казахстанский Методический портал
Обратная связь:

S: Техническая поддержка

E info@rao.kz