Coздaть aкaунт
Педагогическая копилка » RUS » БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 11 сынып 1 тоқсан «Экология. Мұнай және атомдық индустрия»

БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 11 сынып 1 тоқсан «Экология. Мұнай және атомдық индустрия»

13 ноя 2024, 19:12
RUS / Казахский язык и литература Т2
4
0

Жиынтық бағалау «Экология. Мұнай және атомдық индустрия»

Қазақ тілі мен әдебиеті 11 сынып 1 тоқсан

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 11-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.

БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 11 сынып 1 тоқсан «Экология. Мұнай және атомдық индустрия»

«Экология. Мұнай және атомдық индустрия», «Тіл. Өнер. Әдебиет» бөлімдері бойынша 
жиынтық бағалау 
Оқылым 
Жазылым 
Оқу мақсаты 
Бағалау критерийі 
11.3.2.1 
11.4.2.1 
11.4.6.1 
ғылыми және публицистикалық стильдегі 
мәтіндердің 
(аннотация) 
құрылымы мен 
рәсімделуін білу, жанрлық және тілдік 
ерекшеліктерін талдау 
қажетті 
ақпараттарды 
орынды қолданып, 
көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп 
эссе жазу («келісу, келіспеу» эссесі) 
мәтін деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу 
Білім алушы 
 Публицистикалық стильдегі мәтіннің құрылымы мен 
рәсімделуін, жанрлық және тілдік ерекшеліктерін 
талдайды 
 Қажетті ақпаратты қолданып, өз ойын дәлелдеп, 
«келісу-келіспеу» эссесін жазады 
Ойлау дағдыларының  
деңгейі 
Орындау уақыты 
Тапсырма 
 Мәтін деңгейінде тыныс белгілерін қолданады 
Жоғары деңгей дағдылары 
15-20 минут 
1. Мәтінді оқып, құрылымы мен рәсімделуі, жанрлық және тілдік ерекшеліктерін талдап, 
берілген кестені толтырыңыз. 
Мұнай-химия саласы – дүниежүзіндегі ең табысы мол әрі қарқынды дамып келе 
жатқан салалардың бірі. Дамыған елдерде соңғы 5 жылда мұнай-химия өнеркәсібіндегі 
өнімдердің өсімі 7 пайыздан асып түсіпті. Демек «қалауын тапса...» қыруар пайда әкелетіні 
күмән тудырмайды деген сөз.  
Жалпы сарапшылардың пайымына салсақ, мұнай-газ өндірісінің күні батты деуге әлі 
ертерек. Аталған сектордың әлеуеті әлі де жеткілікті. Ол үшін саладағы басымдықтың 
бағытын аздап бұрған жөн. Атап айтқанда, мұнай-химия саласын дамыту керек. Адам 
денсаулығына да, қоршаған ортаға да зиян келтірмейтін қуат көздері табылып жатқан 
тұста, құр қара майға қарап отырудың жөні жоқ. Мамандардың көпшілігінің пікірі осы 
төңіректе түйіседі.  
Рашид Жақсылықов, Мұнай-газ компаниялары одағының алқа төрағасы: – Қазіргі таңда отандық мұнай-газ өндірісінде «Shell», «Chevron», «Agip» сынды 
әлемге әйгілі компаниялар жұмыс істеп жатыр. Осы компаниялардың шикізат күйінде 
өндіріп, кейін шетелдерде терең өңделіп, елімізге қайта келген тауарларын қолданбайтын 
қазақ кемде-кем. Қысқасы, өзіміздің шикізатты қара бақырға өткізіп, әлденеше есе 
қымбатқа қайта сатып алуды әдетке айналдырдық. Яғни импорт өнімдері үшін төленген 
қыруар қаражат шетелдердің экономикасына жұмсалып жатыр, – дейді. 
Рашид Жақсылықовтың айтуынша, мұнай-химия саласын жолға қоя алсақ, қыруар 
тауардың бәрін өзімізде өндіреміз. Шикізат өзімізден шықса, оны өзіміз терең өңдесек, 
елде тұтынып қана қоймай экспортқа шығарсақ, мұртымызды балта шаппайтыны түсінікті. 
Импорттан үнемделетін қаржы мен экспорттан түсетін табысыңыз көл-көсір пайданың 
көзі. Жұмыс орындары көбейетінін де ескеру керек. Оған қоса мұнай-химия саласы ғылым 
саласымен қатар дамитынын да ұмытпаған жөн.  
Бүгінде әлем жұртшылығы ағаш қолданудан да қалып барады, оның орнын түрлі 
пластиктер алмастыра бастады. Мұнайдың қалдығынан жасалатын басқа құрылыс



Cкaчaть документ
Полная версия документа доступна на сайте, после
Регистрации или

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.