Coздaть aкaунт
Педагогическая копилка » RUS » БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 8 сынып 4 тоқсан «Қазақстанның айтыс өнері мен сөз мәдениеті»

БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 8 сынып 4 тоқсан «Қазақстанның айтыс өнері мен сөз мәдениеті»

03 ноя 2024, 22:22
RUS / Казахский язык и литература Т2
6
0

Жиынтық бағалау бөлімі «Қазақстанның айтыс өнері мен сөз мәдениеті»

Қазақ тілі мен әдебиеті 8 сынып 4 тоқсан (оқыту қазақ тілінде емес)

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 8-сынып оқушыларына «Қазақ тілі мен әдебиеті Т2» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар 8-сыныптың «Қазақ тілі мен әдебиеті Т2» пәні бойынша ұзақ мерзімді оқу бағдарламасы негізінде дайындалған. 8- сыныпта жиынтық бағалау барлық оқу тоқсандарда (1,2,3,4) өткізіледі. Бөлім, ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге оқушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған тапсырмалар, бағалау критерийлері мен дескрипторлар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта оқушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.

БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 8 сынып 4 тоқсан «Қазақстанның айтыс өнері мен сөз мәдениеті»

Бөлім «Қазақстанның айтыс өнері мен сөз мәдениеті»,  
«Қазақстан – Байқоңыр - Ғарыш» 
Оқу мақсаты 
Бағалау 
критерийі 
8.3.2.1 Публицистикалық стильдің (мақала, интервью, қысқа очерк, 
жолдаулар) тілдік ерекшеліктері арқылы мәтіндердің жанрын 
анықтау  
8.4.1.1 Мәтіндердің  жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, 
шағын мақала, пікір, интервью жазу 
Білім алушы 
• Мәтіндегі (мақала, интервью, қысқа очерк, жолдаулар) жанрға 
қатысты ерекшелікті анықтайды 
• Шағын мақала, пікір, интервью жазуда  жанрлық және стильдік 
ерекшелігін сақтайды 
Ойлау дағдыларының           
деңгейі                                                                           
Орындау уақыты                  
Тапсырма 
Қолдану 
15-20 минут 
Мәтіндерді оқып, жанрлық ерекшеліктеріне талдау жасаңыз. 
Бабаларымыз ежелден «Өнер алды – қызыл тіл» деп сөз өнерін аса жоғары бағалаған. 
Ақындар сөз сайысы кезінде жеңіске жетудің жолын іздеп, нақты дәлелдер келтіріп, 
сөзбен жеңген.  
Айтыста ақындардың импровизациясы, логикасы мен дәлелінің күштілігі анық 
байқалуы тиіс. Сөз өнерінің, образды, көркем ойлардың тілдік көрінісін айтыс өлеңдерінен 
көреміз.  
Ақындар тіліндегі көркем құралдарының бірі – мақал-мәтелдер. Мақал-мәтелдердің 
көпшілігі игі қасиеттерге үндеу, уағыздау сипатында болады. Мақал-мәтелдердің 
ерекшелігі – мазмұны терең, аз сөзбен көп мағына береді және көпшілігі есте тез 
сақталады. Айтыс өлеңдеріндегі мақал-мәтелдер тілдің эстетикалық қызметін күшейтіп, 
өлең сөзді әсерлі етеді. Ал қанатты сөздер мен мақал-мәтелдер әдеби тілімізді байытуға 
қосқан айтыс ақындарының үлесі екендігін көрсетеді. 
1. Мәтіннің жанры ___________________________________   
2. Мәтіннің жанрына тән 2 ерекшелікті белгілеңіз. 
А) кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдер қамтылады  
В) өзекті мәселе талқыланып, автор көзқарасы жазылады 
С) көтерілген мәселе диалог түрінде жазылады 
D) шығарманың тіл ерекшелігі, көркем тәсілдері жазылады 
Е) оқиғаларды, талдап-бағалайды, оқырмандарға түсіндіреді 
3. Өзіңіз таңдаған айтыскер ақынның бірімен сұхбат мәтінін жазыңыз. 



Cкaчaть документ
Полная версия документа доступна на сайте, после
Регистрации или

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.