БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 8 сынып 3 тоқсан «Биоалуантүрлілік. Жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер»
Жиынтық бағалау бөлімі «Биоалуантүрлілік. Жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер»
Қазақ тілі мен әдебиеті 8 сынып 3 тоқсан (оқыту қазақ тілінде емес)
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 8-сынып оқушыларына «Қазақ тілі мен әдебиеті Т2» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар 8-сыныптың «Қазақ тілі мен әдебиеті Т2» пәні бойынша ұзақ мерзімді оқу бағдарламасы негізінде дайындалған. 8- сыныпта жиынтық бағалау барлық оқу тоқсандарда (1,2,3,4) өткізіледі. Бөлім, ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге оқушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған тапсырмалар, бағалау критерийлері мен дескрипторлар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта оқушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.
БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 8 сынып 3 тоқсан «Биоалуантүрлілік. Жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер»
Бөлім «Биоалуантүрлілік. Жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер»,
«Наурыз және әлем халықтарының оны қарсы алу ерекшелік»
Оқу мақсаты
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Орындау уақыты
8.3.1.1 Перифраз түрінде берілген сұрақ арқылы қажетті
ақпаратты анықтау
8.4.5.1 - тақырып бойынша сөздердің маңызды бөліктерін
дұрыс жазу (жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы
жазылатын сөздер); сөйлем ішінде қойылатын тыныс
белгілерді орынды қолдану
Білім алушы
• Перифраз сұрақтар негізінде ақпараттарды ажыратады
• Мәтінде сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілерді
қолданады
Қолдану
15-20 минут
Тапсырма
1. Мәтінді мұқият тыңдап, берілген сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша жауап беріңіз.
Жаз ортасына жақындаған кез болды. Көксерек үлкейді және семірді, бірақ үлкейісі
даладағыдай емес, бәсеңдеу. Ауылдағы өзі құрбы күшіктерден сонша үлкен емес. Осы
уақытқа дейін Көксерек ауыл итінен көресіні көрді. Бірде-бір ит мұны дос көрмейді,
маңына жақындатпайды. Қасқырға шабатын батыл төбеттер бұны талап та тастайды. Өзге
көп ит те ырылдап үріп, кейде тап беріп, әр жерінен тістеп тартып кетеді. Құрмаш
қасында болғанда таяқ жемейді, бірақ ержете бастаған сайын иесі көз жазып қала берді.
Сұрақ
Көксеректі қалай суреттейді?
Жауап
Көксеректі қандай иттер тістеп тастайтын?
Ауыл иттері Көксерекпен неге достаспады?
2. Берілген сөздерді дұрыс нұсқада жөндеп, сәйкес бағандарға жазыңыз.
Сөздер: хайуанаттар-бағы, түйме дақ, Барса келмес, Қызылкітап, адам-зат, жан
жануарлар, халық аралық, омыртқа-сыздар, био ресурс, кон-венция, жабайықызғалдақ,
қоршаған-орта, ақ қу
Дара сөз
Тіркесті сөз
Біріккен сөз
Қос сөз
Вступить группу