БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 8 сынып 1 тоқсан «Сауда жасай білесің бе?»
Жиынтық бағалау бөлімі «Сауда жасай білесің бе?»
Қазақ тілі мен әдебиеті 8 сынып 1 тоқсан (оқыту қазақ тілінде емес)
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 8-сынып оқушыларына «Қазақ тілі мен әдебиеті Т2» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар 8-сыныптың «Қазақ тілі мен әдебиеті Т2» пәні бойынша ұзақ мерзімді оқу бағдарламасы негізінде дайындалған. 8- сыныпта жиынтық бағалау барлық оқу тоқсандарда (1,2,3,4) өткізіледі. Бөлім, ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге оқушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған тапсырмалар, бағалау критерийлері мен дескрипторлар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта оқушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.
БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 8 сынып 1 тоқсан «Сауда жасай білесің бе?»
Бөлім «Сауда жасай білесің бе?», «Жаһандық энергетикалық дағдарыс»
Оқу мақсаты
8.3.3.1 Прозалық және поэзиялық шығармалардың
композициялық құрылымын анықтау, кейіпкердің іс-әрекетіне
немесе лирикалық кейіпкердің образына баға беру
8.4.4.1 Тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, эссе жазуда
тиімді қолдану
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Орындау уақыты
Білім алушы
• Шығармалардың композициялық құрылымын ажыратады
• Кейіпкерлерге, олардың іс-әрекетіне баға береді
• Тақырыпқа қатысты эссе жазу жұмысында өз көзқарасын
ұсынып, дәлелді аргументтер келтіреді
Қолдану
15-20 минут
Тапсырма
Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Еуропаның көркемөнер орталығында кішкентай бала әдемі туындыны көреді. Бұл
туынды өте қымбат екен. Бала суреттен көзін ала алмай ұзақ тұрады. Ақшасы жетпеген соң,
ала алмай кетеді. Қанағат деп жеген-кигенін азайтып, бір жылда аздап ақша жинайды.
Бір жылдан кейін дүкенге қайтып келеді. Суреттің сатылмағанын көріп қуанады.
Суреттің авторына келіп: «Салған суретіңізді ағамның туған күніне алғым келеді. Ақша
жинадым. Суретті маған сатыңызшы», - деп бір уыс ақшасын суретшіге береді.
Суретші біраз ойланып, суретті әдемі қағазға орап, балаға сатады. Бала қуанышын
жасыра алмай, алғысын айтып, сыртқа шығады.
Дүкенде болған басқа суретшілер таңданып: «Есің дұрыс па?! Oл жұмысың миллионға
кетер еді. Неге су тегінге саттың?» – деп сұрап еді, суретші: «Иә, бұл суретті миллионға не
одан да қымбатқа сататын едім, алайда суретті сатып алу үшін бір жыл бойы ақша жинайтын
адам табыла ма?» – дейді.
1. Мәтіннің сюжетін сөз тіркестерімен беріңіз.
Шешімі
Дамуы
Басталуы
2. Басты кейіпкердің саудамен қандай байланысы бар? Оның адамгершілік қасиетін
сипаттап, мәтіннен дәлел келтіріп жазыңыз.
Вступить группу