БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 7-сынып 4-тоқсан «Жастықтың оты қайдасың?»
Жиынтық бағалау бөлімі «Жастықтың оты қайдасың?»
Қазақ тілі мен әдебиеті 7 сынып 4 тоқсан (оқыту қазақ тілінде емес)
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 7-сынып оқушыларына «Қазақ тілі мен әдебиеті Т2» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар 7-сыныптың «Қазақ тілі мен әдебиеті Т2» пәні бойынша ұзақ мерзімді оқу бағдарламасы негізінде дайындалған. 7- сыныпта жиынтық бағалау барлық оқу тоқсандарда (1,2,3,4) өткізіледі. Бөлім, ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге оқушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған тапсырмалар, бағалау критерийлері мен дескрипторлар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта оқушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.
БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 7-сынып 4-тоқсан «Жастықтың оты қайдасың?»
Бөлім «Жастықтың оты қайдасың?»
Оқу мақсаты |
7.1.1.1 Мәтін үзінділері арқылы оқиғаның дамуын болжау 7.2.5.1 Диалогке қатысушылар коммуникативтік жағдаяттың талаптарына сай «сөйлеуші →тыңдаушы» позицияларын еркін ауыстыру
|
||||||||||||||||||
Бағалау критерийі |
Білім алушы
· Мәтін үзінділері арқылы оқиғаның дамуын болжайды ·
|
||||||||||||||||||
Ойлау дағдыларының Қолдану деңгейі
Орындау уақыты 15-20 минут
1-тапсырма Мәтінді мұқият тыңдаңыз, ойды жалғастырып, оқиғаны дамытыңыз.
Бір күні Қожанасыр бақшада жұмыс істейді. Түс мезгілі болатын. Қожанасыр түскі астан кейін ағаштың астында демалады. Ағашта өсіп тұрған өрік пен жердегі асқабақты көріп: «Осы табиғатқа таң қаламын. Өрік ағашы өте үлкен. Бұтақтары, жапырақтары өте мықты. Бірақ жемісі өте кішкентай әрі жұмсақ. Асқабақтың сабағы мен жапырағы өте әлсіз. Ал жемісі өте үлкен әрі қатты. Бұл дұрыс емес. Өйткені өрік пен асқабақтың жемісі ауысып кеткен», - деп ойланады. Дәл сол кезде басына өрік келіп түседі. Орнынан атып тұрған Қожанасыр былай дейді .................. Жауабы: Орнынан атып тұрған Қожанасыр былай дейді: «Осыдан былай табиғатқа тіл тигізбеймін. Табиғаттағы барлық нәрсе өз орнында. Егер өріктің орнында асқабақ болса, мен тірі қалмайтын едім». Неге екен? ............... Жауабы: Шынында да табиғатта үлкен тепе-теңдік бар. Әрқайсысының өз орны бар. Әрбір нәрсе өте керемет жасалған. Және бұл табиғат заңына бағындырылған. Бұның бәрі тегіннен-тегін емес. Соны ойланған адам бар ма? ......................
2-тапсырма Сұрақтарға жауап беріп, кестені толтырыңыз.
3-тапсырма Берілген суреттерді қатыстырып, «Ұрпақтар арасындағы қарым-қатынас» тақырыбында диалог құрастырыңыз. Жастар және қарттар мәселесін көтеріңіз.Сөйлеңіз және тыңдаңыз. «Сөйлеуші →тыңдаушы» позициясын ауыстырып отырыңыз.
|
Вступить группу