Лауазымдық міндеттер

Поделитесь с данным материалом

Опубликовал(а): SuperAdmin, 13.08.2018
Категория: ДОКУМЕНТЫ / Инструктивно-методические письма, 2 884, 0


Педагог қызметкерлер мен оларға теңестiрiлген тұлғалардың лауазымдарының үлгiлiк бiлiктiлiк сипаттамаларын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2009 жылғы 13 шiлдедегi N 338 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2009 жылғы 17 тамызда Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiне N 5750 болып енгiзiлдi.
       "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi Заңының 5-бабының 34) тармақшасын iске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 
       1. Қоса берiлiп отырған Педагог қызметкерлер мен оларға теңестiрiлген тұлғалардың лауазымдарының үлгiлiк бiлiктiлiк сипаттамалары бекiтiлсiн.
       2. Орта бiлiм департаментi (М.Т. Санатова) белгiленген тәртiппен:
       1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
       2) осы бұйрықты мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн ресми жариялауды қамтамасыз етсiн.
       3. Орта (М.Т. Санатова), техникалық және кәсiптiк (Қ.Қ. Бөрiбеков), жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм (С.М. Өмiрбаев) департаменттерi осы бұйрықты облыстық, Астана және Алматы қалалары бiлiм басқармаларының, республикалық ведомстволық бағынысты бiлiм беру ұйымдарының, жоғары оқу орындарының назарына жеткiзсiн.
       4. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң:
       1) "Педагог қызметкерлердiң және оларға теңестiрiлген адамдар лауазымдарының үлгi бiлiктiлiк сипаттамаларын бекiту туралы" 2008 жылғы 12 ақпандағы N 61 бұйрығының (N 5168 нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде тiркелген, 2009 жылғы 11 ақпандағы N 21 "Юридическая газета" газетiнде жарияланған);
       2) "Педагог қызметкерлердiң және оларға теңестiрiлген адамдар лауазымдарының үлгi бiлiктiлiк сипаттамаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2008 жылғы 12 ақпандағы N 61 бұйрығына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы" 2009 жылғы 20 наурыздағы N 128 бұйрығының (N 5615 нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде тiркелген) күшi жойылды деп танылсын.
       5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр К.Н. Шәмшидиноваға жүктелсiн.
       6. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi. 
      Министр                                           Ж. Түймебав 
      "КЕЛIСIЛДI" 
       Қазақстан Республикасы 
       Еңбек және халықты 
       әлеуметтiк қорғау министрi 
       __________ Г. Әбдiқалықова 
       2009 жылғы 07 тамыз 
Уважаемые коллеги! Если у Вас есть материалы или Вы хотели бы поделиться накопленным опытом, Смело добавляйте к нам Свои разработки.

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
Внимание!!! У вас нет доступа к скачиванию файлов

Информация

Посетители, находящиеся в группе гость, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

RAO.kz

Казахстанский педагогический портал




© 2017 - 2019 год