Coздaть aкaунт
Педагогическая копилка » KAZ » ТЖБ 11-сынып Қазақ тілі 1-тоқсан ЖМБ жауаптар

ТЖБ 11-сынып Қазақ тілі 1-тоқсан ЖМБ жауаптар

13 ноя 2024, 20:03
KAZ / Қазақ тілі және әдебиет
1
0

Қазақ тілі 11 сынып 1-тоқсандық жиынтық бағалау

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.

«Қазақ тілі» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы 11-11 сыныптар

Тапсырма түрлері:
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады:
біріншісі -тыңдалым, айтылым және әдеби тіл нормаларын,
екіншісі - оқылым және әдеби тіл нормаларын,
үшіншісі - жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.

ТЖБ 11-сынып Қазақ тілі 1-тоқсан ЖМБ жауаптар

«Қазақ тілі» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
1. Қазақстан бүгінгі әлемде: Қазақстанның өткені мен келешегі. Шешендік сөздер
Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма
1. Мәтінді тыңдаңыз. Мәтінде көтерілген мәселені талдай отырып, негізгі ойды анықтаңыз
және ғаламдық мәселелермен байланыстырып айтыңыз.
2. Өз жұбыңды мұқият тыңдауға тырысыңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын 2
сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді
білдіріңіз.
[10]
1-мәтін
Тәуелсіз Қазақстанның өткені мен бүгінгі жетістіктері
Қазақстан – ата-бабамыздың мекен еткен ежелгі қонысы. Елімізде сан түрлі ұлттардан
құралған ұлт өкілдері қоян-қолтық еңбек етіп тұрып жатыр, яғни біздің еліміз бүкіл әлемге
қоғамдағы татулық пен ынтымақтастықты , мәдениет пен діндердің үйлесімді дамуына
қамқорлық жасаудың озық үлгісін көрсетіп отыр.
Біз бүгінде бүкіл әлем қызыға да, қызғана да көз тігіп отырған тәуелсіз мемлекетпіз.
Осы тәуелсіздікке жету жолында қазақ халқы қаншама қиындықты бастан өткерді. Ел
ретінде Қазақстан жас мемлекет болғанымен, оның тарихы Евразияның ұлы көшпенділер
өркениетінің үш мыңжылдық тарихынан ажырағысыз. Батыстан шығысқа, шығыстан
батысқа Қазақ даласы арқылы, Үндістан мен Иранға, Еділ мен Кавказға, Европа мен
Қытайға, Қырымға арийлер, ғұндар, сақтар, түркілер, қыпшақтар, маңғолдар ағылды.
Олардың бәрі де осынау жердің бетінде өздерінің ізін қалдырды.
Алайда тағдырдың талқысымен қазақ елі дербестігінен айырылып, Ресей
империясының құрамына енді. Тәуелсіздікті қайтадан қалпына келтіремін деген «Алаш»
зиялыларының демократиялық идеялары сәтсіздікке ұшырады. 1930 жылдардан бастап,
тоталитарлық жүйе халқымыздың тілі мен өмір салтына, тарихы мен мәдениетіне орасан зор
зиянын тигізді. Одан кейін нәубет шалған ашаршылық заман қойдай жуас халқымыздың
есігін керіп тұрды.
Қазақта «Тамыры жоқ ағаш, тарихы жоқ халық болмайды» дейді. Тарихқа жүгінсек
кеше ат үстінде жүрген қазақ дүниені дүр сілкіндірген зар замандарда торда қамалған
торғайдай халқы үшін «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деп, бел шешіп күрескен.
2-мәтін
Бүгін, міне, еліміздің тәуелсіздік туын желбіреткеніне де біраз жылдың жүзі болыпты.
Біз тәуелсіздіктің әр жылын өсу, өркендеу жолында өткізіп келеміз. Осы жиырма бес
жыл ішінде есімі тарихта алтын әріппен жазылатын Елбасымыздың салиқалы саясатының
арқасында күрделі істер тындырылды.
Олардың ең көрнектісі – шекарамызды белгілеп, төрт құбыламызды тегістеп, әрі
тұрақтандырып алуымыз және өзіміздің меншікті Қарулы Күштерімізді жасақтауымыз, әр
елдің елдігін белгілейтін ұлттық белгілеріміз, қайта оралған тіліміз, дініміз, салт-дәстүріміз.
Бұл Қазақстан Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі , әнұранымен айбатты, шекарасы
мен тілі , теңгесі мен діні, басқа елдермен терезесі тең, керегесі кең ел деген сөз.
Санамалап айта берсек, бұл жылдарда тындырылған іс жетіп артылады. Бәрін де заң
жолымен шешетін құқықтық, зайырлы мемлекетке айналдық. Бабамыздың табаны тимеген
жерге, баламыздың қаламы тиіп, құрлық асып, білім алатын дәрежеге жеттік. Европадағы
қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық еттік, бүкіл дүниежүзі қазақтарының



Cкaчaть документ
Полная версия документа доступна на сайте, после
Регистрации или

Koммeнтapии
Mинимaльнaя длинa кoммeнтapия - 50 знaкoв. кoммeнтapии мoдepиpуютcя
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Педагогическая платформа для учителей

  • Дeлиcь в coциaльныx ceтяx КТП СОР СОЧ

Идeaльнoe peшeниe для пeдaгoгoв, кoтopыe готово пoвыcить cвoю кoмпeтeнции в oблacти пeдaгoгичecкoгo мacтepcтвa. Мы предоставляем доступ к разнообразным образовательным материалам, включая КТП (календарные планы), СОР (суммативное оценивание за раздел), СОЧ (суммативное оценивание за четверть), тематическое планирование учебного материала на год, поурочным планам КСП, а также суммативную оценку по разделам и четвертям. Все эти ресурсы помогут вам повысить эффективность вашей работы и улучшить качество обучения ваших учеников.