БЖБ 10-сынып Физика, 4-тоқсан ҚГБ жауаптар «Магнит өрісі»
«Магнит өрісі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Физика» 10-сынып 4-тоқсан
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға
мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныста бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Әдістемелік ұсыныс мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған
БЖБ 10-сынып Физика, 4-тоқсан ҚГБ жауаптар «Магнит өрісі»
«Магнит өрісі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаттары 10.3.4.1 - өткізгіштің магнит өрісін сипаттайтын
шамаларды түсіну
10.3.4.2 - сол қол ережесін қолдануды және зарядталған
бөлшектердің қозғалысы мен тогы бар
өткізгішке магнит өрісінің әсерін сипаттау
10.3.4.5 - соленоидтың магнит өрісіне әсер ететін
факторларды сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы
Магнит өрісінінің қасиеттерін сипаттайды
Ампер және Лоренц күштерін анықтайды
Соленоидтың магнит өрісін сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Білу және түсіну
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырмалар
1. A, B, C, D алюминий жолағы, магниттелген темір жолағы және екі магнит стержень
берілген. Олардың қайсысы қай зат екенін анықтау үшін, тест өткізілді. Суретте берілген
жолақтардың екеуін ұштарымен жанастыру нәтижесі көрсетілген.
Қай жолақ қандай зат болатынын анықтаңыз. Төменге жазыңыз:
А жолағы ___________________________________________________________
В жолағы ___________________________________________________________
С жолағы ___________________________________________________________
D жолағы __________________________________________________________
2. Диаграммада өзара перпендикуляр үш Х, Y және Z
бағыттары көрсетілген. Қай әріп ток күшін, өрісті және
күштің бағытын көрсетеді?
3. Суретте магнит өрісіне енген 𝛽-бөлшектің шоғы берілген. Магнит өрісі бет
жазықтығына бағытталған.
Cкaчaть документ